Саясат • 29 Мамыр, 2019

Кеңестің мерейтойлық отырысы Армения Республикасының төрағалығымен өтіп жатыр

901 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысы Армения Республикасының төрағалығымен өтіп жатқанын айтты.

Кеңестің мерейтойлық отырысы Армения Республикасының төрағалығымен өтіп жатыр

«Өткен жылғы Ресей Федерациясының төрағалығымен өткен кеңес мазмұнды әрі нәтижелі болды. Ол жиында кеден кодексі күшіне енді. Сондай-ақ Қытай және Иранмен халықаралық шарттарға қол қойылды. Молдова Республикасына Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесі берілді. Кеңестің мерейтойлық отырысы Армения Республикасының төрағалығымен өтіп жатыр. Армяндық әріптестеріміздің аталған кеңеске төрағалық етуі сәтті болуына тілектеспіз» деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 жылдығына жəне Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімге қол қойылуының 5 жылдығына орай Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр.