«Владимир Путин өз сөзінде маған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті Төрағасы атағын беру туралы айтты. Оның бұл бастамасы үшін ерекше ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ қолдау білдірген барлық қатысушыларға алғыс айтамын. ТМД мен ЕАЭО-дағы тәжірибемді ескере отырып, менің күш жігерім мен мүмкіндіктерім барлықтарыңыз үшін, әсіресе, біздің экономикалық одақ үшін пайдалы болады деп ойлаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 жылдығына жəне Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімге қол қойылуының 5 жылдығына орай Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр.