Аймақтар • 29 Мамыр, 2019

Шымкентте ашық конкурс арқылы 5 мектеп директоры тағайындалды

1091 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент Қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың жетекшілігімен арнайы комиссиялық топ қаладағы 10 мектепке үміткерлерді сынақтан өткізді.

Шымкентте ашық конкурс арқылы 5 мектеп директоры тағайындалды

Конкурс жарияланған 10 мектеп директоры лауазымына жалпы саны 38 үміткер құжат тапсырған болатын. Конкурстың алғашқы екі кезеңінен өткен 19 үміткер әңгімелесуге жіберілді.

«Мектеп директорларын тағайындау бойынша арнайы комиссияның алғашқы отырысы өтті. Мектеп директорлары мемлекеттік маңызы жоғары міндеттерді атқаратындықтан осындай арнайы комиссия құрып, оның құрамына жетекші салалық мамандар мен қоғам белсенділерін қостық. 
Комиссияның отырысында қаланың 9 мектебіне 19 үміткер қарастырылды. Әр үміткермен жеке әңгімелесу болды. Нәтижесінде, № 5, 1, 16, 76, 77 және 96 білім ұяларының директорлары тағайындалды. Қалған  4 мектеп бойынша үміткерлердің сәйкес келмеуіне байланысты жаңа конкурс ұйымдастырылатын болады. Бұдан былай, таныс-тамыр арқылы мектеп директоры болып бірде-бір адам тағайындала алмайды. Сондықтан, кез-келген адам ашық әрі әділ өтетін конкурсқа қатыса алады», деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Әңгімелесуге келген үміткерлердің ішінен И.Асанов - №1 кешкі мектепке, М.Дүйсенбекова - №16 мектепке, Т.Әбдіхалық - Р.Мырзашев атындағы №76 мектепке, А.Аюбаева - А.Асқаров атындағы №77 мектепке, А.Қарабаева - М.Әуезов атындағы №96 мектеп директорлығы лауазымына лайық деп танылды. Ал, қалған №№11, 24, 26, 131 мектептерге қайта конкурс жарияланатын болады.