Канаданың Альберта қаласының тумасы 2013-2017 жылдар аралығында Америка хоккей лигасының (АХЛ) бірнеше клубтарында ойнады. 2017 жылы «Барыстың» жейдесін киді. Көп ұзамай Қазақстанның азаматтығын алып, біздің елдің ұлттық құрамасы сапында өнер көрсете бастады.
Жанкешті ойыны және асқан шеберлігімен көзге түскен Даррен жергілікті жанкүйерлерге бірден ұнады. Негізгі міндеті қорғаушы болғанына қарамастан ол қарсыластар қақпасына жиі гол соқты. Өткен маусымның қорытындысы бойынша Даррен ҚХЛ-дың символикалық құрамасына еніп қана қоймай, чемпионаттың ең үздік қорғаушы атағын иеленді. Жуырда ғана канадалық легионер «Барыспен» келсімшартын жаңартты.
ҚХЛ-дың символикалық құрамасына Даррен Дицтен бөлек, қақпашы Юха Метсола («Салават Юлаев»), қорғаушы Никита Нестеров (ЦСКА), шабуылшылар Теему Хартикайнен («Салават Юлаев»), Михаил Григоренко (ЦСКА) және Илья Михеев («Авангард») еніп отыр.