Спорт • 29 Мамыр, 2019

Шанхайдағы халықаралық турнирге қатысатын боксшылар есімі белгілі болды

807 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Шанхайдағы халықаралық турнирге қатысатын боксшылар есімін атады деп хабарлайды Olympic.kz.

Шанхайдағы халықаралық турнирге қатысатын боксшылар есімі белгілі болды

Қытайдағы халықаралық сынға жеті боксшымыз аттанады. Олар: 

49 келі: Шалқар Айқынбай

56 келі: Нұрбол Қалжанов

60 келі: Саматәлі Толтаев

69 келі: Талғат Шайкен

81 келі: Нұрбек Оралбай

91 келі: Айбек Оралбай

+91 келі: Дамир Тойбай

«Бұл турнирде жастардың әлеуетін байқап көрмекпіз. Жасөспірімдер олимпиадасына қатысқан боксшылармен қатар, ел Спартакиадасында көзге түскен жас таланттарға мүмкіндік беріп отырмыз. Ал ересектер Азия чемпионатынан кейін аздаған үзіліс алды», - дейді бас бапкер. 

Шанхайдағы халықаралық турнир 2-9 маусым аралығында өтеді.