Сайлау • 30 Мамыр, 2019

Ерлан Саиров: Дауыс жинауға зор мүмкіндік

1053 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ерлан Саиров: Дауыс жинауға  зор мүмкіндік

Үміткерлер арасында өр­битін бұл пікірсайыс – еліміздегі саяси мәдениетті арттыруға, кеңейтуге, сондай-ақ осы партия­лар немесе үміткерлердің тек қана сайлауалды бағдарламасын емес, жалпы сыртқы және іш­кі саясатқа қатысты түрлі ас­пектілерді түсіндіруге ұтымды алаң. Сондықтан аталған дебатты Қазақстандағы саяси үде­рістерді заңдастырудағы үлкен қадам деп қарастыруға әбден болады. Ал аудиторияның, тұтастай электораттың сеніміне ие болуы кандидаттардың сөй­леу мәнеріне, яғни шешен­дік өнеріне, ұсынып отырған бағдарламасын тиімді ұсына білуіне байланысты деп ойлаймын. Енді 80 минут қатысу­шыларға берілген аз уақыт емес. Осы лимит жеткілікті болуы тиіс. Бұл науқан елдегі саяси жүйенің жетілуіне жол ашуы ықтимал. Саяси аренадағы жаңа есімдер танылып, басқару үлгісінің жаң­ғыруына алып келуі ғажап емес.

Әрбір сайлауды қоғамның саяси дамуының белгілі бір мектебі деп қарастырған абзал. Осы тұрғыдан сараласақ, әрине, бұл сайлаудың мәні мен мазмұны өте жоғары. Тәуелсіздік алған жылдардың ішінде қоғам мен мемлекеттің арасында жақсы байланыстар пайда болды. Міне, осы байланысты әрі қарай дамытып, азаматтар мен биліктің арасындағы ынтымақтастық жасампаздық жасаудың тағы бір сара жолы деп айтуға барлық негіз бар. Қазір геосаяси ахуалды ескерсек, мықты билік керек екені сөзсіз. Ол биліктің сыртқы саясатта, сол секілді қоғам алдындағы абыройы жоғары бол­ғаны ләзім.


Ерлан САИРОВ,

саясаттанушы