Сайлау • 30 Мамыр, 2019

Сайлауды ұйымдастырушылармен семинар өтті

1242 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы» сайлауды ұйымдастырушылармен оқыту семинар өтті.

Сайлауды ұйымдастырушылармен семинар өтті

Отырысты ашқан қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Редкокашин аталған оқыту семинарына аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, мемлекеттік органдар өкілдері шақырылғанын және сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов қатысып отырғанын атап өтті. Бұдан кейін сөз алған Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина жиналғандарды Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары сайлау туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әзірленгенін жеткізді. Соған байланысты қазіргі күнге дейін көптеген жұмыс атқарылды. Қазақстан Республикасы президентінің лауазымына кандидаттарды ұсыну, оларды тіркеу, сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін сайлау учаскелерінде жағдайларды қамтамасыз ету және т.б. мәселелер туралы кеңінен айтып берді.  Оған қоса сайлау заңнамасындағы өзгерістер, сайлау науқанының негізгі кезеңдері, кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру шарттары, сайлаудың ерекшеліктері, сайлау комиссияларының сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі өкілеттіктері, аумақтық сайлау комиссияларының және жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері де сөз болды.

Бұдан кейін сөз алған Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов сайлаушылар тізімі туралы, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға сайлау учаскелерінде жасалған жағдай жөнінде, сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық қаматасыз етілуі және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Ал қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Редкокашин 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған Қазақстан Республикасы президентін кезектен тыс сайлауына әзірлік пен оны өткізу барысындағы атқарылған жұмыстар туралы және сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту жөнінде баяндап берді. Бұдан соң Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина түрлі сұрақтарға жауап қайтарды.

Сол сияқты осының алдында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт  Мелдешов те Шығыс Қазақстан облысына барған жұмыс сапары аясында Өскемен қаласында сайлауды ұйымдастырушылар үшін «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына әзірлік пен оны өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы» оқыту семинарын өткізген еді. Онда өңір бойынша сайлауды өткізуге дайындық іс-шаралары жоғарыда аталған күнтізбелік жоспарға сәйкес тиісті дәрежеде өткізілуде және сайлаушылар тізімдерін тиісті әкімдер учаскелік сайлау комиссияларына уақытылы берілгендігі айтылды. Барлық сайлау учаскелері әдістемелік материалдармен, қажетті жабдықтармен, байланыс құралдарымен, интернет желісімен қамтамасыз етілген.

Бұл іс-шараға аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, бейнеконференцбайланыс режимінде электораттық оқытудың сертификатталған жаттықтырушылары және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, соттың, өкілдері сондай-ақ жергілікті байқаушылар қатысты.

Семинар барысында Б.Мелдешов сайлау науқанының әрбір кезеңімен, сайлау заңнамасына сәйкес сайлауды ұйымдастырушыларды олардың негізгі өкілеттіктерімен және міндеттерімен таныстырды. Сайлау науқанында сайлау алдындағы үгіт, облыстағы сайлау комиссиялары мүшелерін электораттық оқыту және сайлау учаскелерін сайлауға дайындау барысына кеңінен тоқталды. Бұл орайда Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ж.Сәрсебаев сайлаушылардың тізімдерін жасау бойынша жүргізілген жұмыс жайлы, Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары М.Құсайынова мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың кедергісіз дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Нәбиев облыстағы сайлау комиссиялары мен учаскелерін ұйымдастыру және оларды дауыс беру күніне дайындау жөніндегі ағымдағы жағдай, сайлау комиссияларының мүшелерін каскадтық әдіспен және қашықтықта оқыту әдісімен оқыту және тестілеу туралы, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың кедергісіз дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлады.

Ал ОСК аппаратының бас консультанты Б.Дармурзина сайлау комиссиялары қызметінің кейбір мәселелеріне тоқталды. Қатысушыларға дауыс беру күніндегі учаскелік сайлау комиссияларының жұмысы туралы Орталық сайлау комиссиясы дайындаған оқыту фильмі көрсетілді. Іс-шара соңында қарастырылған мәселелер бойынша пікір алмасу өтіп, сұрақтарға жауап берілді.