20 Сәуір, 2013

Қоғам тарапынан түсіністік тапқан кездесулер

259 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қоғам тарапынан түсіністік тапқан кездесулер

Сенбі, 20 сәуір 2013 0:51

Парламент Мәжілісінің депу­тат­тары және министрлік қыз­мет­керлерінің қатысуымен өткен сапар 3-12 сәуір аралығын қамтыды. Осы мерзім ішінде әртүрлі өндіріс қыз­меткерлерімен кездесулер өткі­зіліп, әлеуметтік нысандарда жиындар ұйымдастырылып, жұрт­шылыққа әйелдердің зейнет жасын ұзарту арқылы халықтың жұ­мыс­пен қамтылуын және зейнет жасы таяған адамдардың жұмыс орнының сақталуына қол жеткізуге болатыны туралы жан-жақты тү­сін­дірме жұмыстары жүргізілді. Соны­мен қатар, өңір тұрғындарын толғандырып жүрген зейнетақы қорларын біріктіріп, бір жүйеге келтіру секілді маңызды мәселелер қозғалды.

Сенбі, 20 сәуір 2013 0:51

Парламент Мәжілісінің депу­тат­тары және министрлік қыз­мет­керлерінің қатысуымен өткен сапар 3-12 сәуір аралығын қамтыды. Осы мерзім ішінде әртүрлі өндіріс қыз­меткерлерімен кездесулер өткі­зіліп, әлеуметтік нысандарда жиындар ұйымдастырылып, жұрт­шылыққа әйелдердің зейнет жасын ұзарту арқылы халықтың жұ­мыс­пен қамтылуын және зейнет жасы таяған адамдардың жұмыс орнының сақталуына қол жеткізуге болатыны туралы жан-жақты тү­сін­дірме жұмыстары жүргізілді. Соны­мен қатар, өңір тұрғындарын толғандырып жүрген зейнетақы қорларын біріктіріп, бір жүйеге келтіру секілді маңызды мәселелер қозғалды.

Мәселен, осы жылдың 8-10 сәуірі аралығында Павлодар облысында Парламент Мәжілісі депутаттарының қатысуымен өткен жиында жұрт алдына зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (ЗТМО) басшысының бірінші орынбасары Сәуле Дүйсенова шығып, сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, осы күндері Павлодарда орталық өкілдерінің қатысуымен қаладағы балалар ауруханасында тағы бір жиын өткізілді. Аталған жиынға 180-нен астам медицина қызметкерлері қатысты.
Екібастұз қаласында зейнетақы орталығының қалалық филиалы ғимаратында өткен  жиында жұмыс беруші компания өкілдері мен кәсіподақ мүшелері зейнетақы жүйесіне қатысты сауалдарға жан-жақты жауап алып тарқасты.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облы­сында да зейнетақы жүйе­сі­не қатысты әртүрлі кездесулер ұйымдастырылды. Еңбек жә­не халықты әлеуметтік қорғау министр­лігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Гүлнәр Тоқсейітова халықтың неғұрлым ұзақ еңбек етіп, жинақты көп жиса, соғұрлым артық зейнетақы алатынын әрі зейнет жасын бірден көтереді деп, байбалам салу жаңсақ пікір екенін, бұл  үрдістің біртіндеп жүретінін, 63 жастан зейнетке тек 2024 жылдан бастап шығатынын айтты.
Екі күнге (5-6 сәуір) созылған кездесуге кәсіподақ ұйымдары өкілдері, сонымен қатар, ЗТМО директорының орынбасары С.Сабыржанов және аталмыш орталықтың әр аймақтан келген қызметкерлері қатысты.
Еңбек министрлігінің өкілдері мен орталық мамандарының қатысуымен өткен жиындар ауылды жерлерді ұмыт қалдырмады. Бородулиха, Көкпекті, Зырян аудандарына қарасты елді мекендерде де кездесулер болып өтті. Келесі жиын Семейдегі ядролық орталық қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
5-9 сәуір аралығында Алматыда бірнеше кездесулер болды. «Мем­ле­кеттік аннуитеттік компания» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Нұр­жан Әлимұхамедов  бастап барған ма­ман­дар тобы Халықаралық ІТ уни­вер­ситеті, Ш.Айманов атындағы «Қа­зақфильм» АҚ, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, Қ.Ахметов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернаты және Сызганов атындағы ұлттық хирургиялық ғы­лы­ми орталығында кездесу өткізді. Атал­мыш жиынға Парламент Мәжі­лі­сінің депутаттары Гүлнәр Иқсанова, Айткүл Самақова, Гүлмира Исімбаева қатысты.
Ал Қарағанды және Теміртау қалаларындағы «Имстальком», «Карагандинский мелькомбинат», «ТНК ТИАТР» компаниялары және «ТПК Ригер фармацевтикалық логистикалық кешені» базасындағы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ президенті Алмас Құрмановтың қатысуымен өткен кездесулерде «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы, зейнетақы жүйесін жетіл­діру және Бірыңғай зейнетақы қорын құру мәселелері бойынша тыңдаулар болды. Сонымен қатар, 8 сәуірде облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, аудан әкімдері, ЗТМО қызметкерлері және жұмыспен қамту орталығы мамандарының қаты­суы­мен түсіндірме жұмыстары жүр­гі­зіл­се, келесі күні «Арселор Мит­тал Теміртау» компаниясының қыз­мет­керлерімен кездесу болды. 11 сәуір­дегі жиын Қарағанды облыстық «Нұр Отан» ХДП активтерінің қатысуымен өтті.
Бас-аяғы 9 күнге созылған кездесулерде тек зейнетақы жүйесін жаңғырту жұмыстары ғана түсіндіріліп қоймай, өңір жұртшылығына әлеуметтік мә­се­лелерге қатысты өз ұсыныс-пікірлерін білдіруге мүмкіндік берілді. Халықты әйелдердің зейнет жасын ұлғайту, жұмыспен қамту мәселелері, зиян­ды өндіріс ошақтарында еңбек ете­тін жұмысшылардың зейнетақы алу тетіктері толғандырып отыр. Ма­ман­дар жұрттың көңілінде жүрген, кө­кейге түйген сауалдарына жауап беріп, жүйені жаңғыртудың маңызды қырларын егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Егемен-ақпарат».