Аймақтар • 30 Мамыр, 2019

«Маржан жыры – 2019» өнер көрмесі ашылады

1129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың 7 маусым күні Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында «Маржан жыры-2019» атты ІІІ Республикалық өнер көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

«Маржан жыры – 2019» өнер көрмесі ашылады

Майда моншақ – қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнер мен дизайндағы өзекті де танымал материал. Аталмыш өнер жәрмеңкесінде көпшілік назарына 20 шебердің моншақты қолдану,  әшекей, киім аксессуарлары, авторлық қуыршақтар, интерьерді сәндеу бұйымдары сияқты шығармашылық жұмыстары ұсынылады.

Негізгі экспозициядан басқа, Қазақстандағы майда моншақ тізу өнері қауымдастығының ұжымдық көрмесі аясында екі жоба атқарылады, олар: «Майда моншақ елдерді, халықтар мен континенттерді біріктіреді» және «Моншақ-Қуыршақ» тандемі.

«Майда моншақ елдерді, халықтар мен континенттерді біріктіреді» фотожобасының тұжырымдамасы түрлі елдер мен дәуірлердің этникалық колоритін, дәстүрлерін, материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін әлем халықтары әйелдерінің сұлулығының көркемдік бейнесі арқылы беруге және сонымен бірге әшекейлер мен аксессуарларды көрсетуге ұмтылуымен тұжырымдалады. Майда моншақты шектеу мүмкін емес –оны қай жерде болса да, кім де болса пайдалануына еркі бар. Майда моншақ тізу өнері үшін тіл білудің қажеті жоқ, ол кез келген тілде сөйлеп, кез келген халықтың, ұлттың, тұтас елдің мәдениетін көрсете алады. Жоба экспозициясында ортақ идеямен біріккен, бірақ орындалуы әр түрлі моншақ тізу өнерінің керемет 12 туындысы және майда моншақ тізу өнері шеберлерінің, фотографтың, шаштараздың, визажистің шығармашылық ынтымақтастығының нәтижесі болған фотороботтар да көрсетіледі», –дейді музейдің баспасөз хатшысы Клара Исабаева.

Көрмені 7-30 маусым аралығында сағат 11.00-ден 19.00-ге дейін  тамашалауға болады.