Қоғам • 31 Мамыр, 2019

Жылына әлемде 300 мыңдай жеткіншекке қатерлі ісік диагнозы қойылады

1050 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда журналистермен арнайы кездескен түрік мамандары балалардың қатерлі ісік түрлеріне шалдығуын төмендету үшін бала бойындағы кез келген өзгерістерді мұқият бақылап, барлық қажетті тексерулерден тұрақты өтіп тұру керек деп есептейді.

Жылына әлемде 300 мыңдай жеткіншекке қатерлі ісік диагнозы қойылады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ақпараты бойынша, онкологиялық дерттер –  бүкіл әлем бойынша балалар мен жасөспірімдер арасындағы өлімнің негізгі себептерінің бірі.

Жыл сайын әлемде туылғаннан 19 жасқа дейінгі балалар арасында, шамамен, 300 000 жеткіншекке қатерлі ісік диагнозы қойылады. Балалар арасындағы онкодерттердің ең кеңінен тараған түрлері лейкемия, бас миының қатерлі ісігі, лимфома, нейробластома және нефробластома болып табылады. ДДСҰ мамандары, егер дерт бастапқы кезеңде анықталса, олардың көптеген түрлерін емдеуге болатындығын айтады.

Бүлдіршінде қатерлі ісіктің дамып жатқанын көрсететін бір қатар белгілер бар. Дегенмен дерттердің көпшілігі көзге көрінбей дамиды әрі басқа сырқаттарға ұқсайды, сондықтан ата-аналардың көпшілігі олардың қатерлі ісік екенін біле бермейді. Соның салдарынан, сырқат тез күш алып, көп ретте, ем қиын қонатын кеш кезеңде анықталып жатады. Anadolu (Түркия) емханасы, балалар онкологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, профессор Альп Озкан дер кезінде дәрігерлердің көмегіне жүгініп,  уақтылы ем алу үшін, ата-аналар бұл белгілерді білу керек деп есептейді.