Бұл – бүкіл әлемде қолға алынған үдеріс
Сәрсенбі, 24 сәуір 2013 2:29
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов Қарағанды облысында сапармен жүр. Жұмыс сапары барысында Серік Әбденов Теміртау және Қарағанды қалаларына табан тіреп, жұмысшылармен кездесу өткізді. Жиынға қатысу барысында еліміздегі зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты сауалдарға жауап беріп, аталмыш жобаның тиімділігін тілге тиек етті. Министрдің сапары бұдан кейін Жезқазған қаласында жалғасады.
Сәрсенбі, 24 сәуір 2013 2:29
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов Қарағанды облысында сапармен жүр. Жұмыс сапары барысында Серік Әбденов Теміртау және Қарағанды қалаларына табан тіреп, жұмысшылармен кездесу өткізді. Жиынға қатысу барысында еліміздегі зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты сауалдарға жауап беріп, аталмыш жобаның тиімділігін тілге тиек етті. Министрдің сапары бұдан кейін Жезқазған қаласында жалғасады.
Теміртау қаласында министр өндіріс орындарының жұмысшылары, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларының, кәсіподақтар және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесулер өткізді.
– Зейнетақы жүйесін жетілдіру жолындағы қадамдардың барлығы да жинақталған қаржының толық сақталуы мен тұрақты өсімге қол жеткізу мақсатында жасалып жатыр, – дейді министр. Ұлттық банк пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы және Экономикалық жоспарлау министрліктерінің мамандарынан құралған ведомствоаралық жұмыс тобы дайындаған заң жобасы жинақтаушы зейнетақы жүйесін бір ретке келтіруге мүмкіндік береді. Әрі бұл саладағы жұмыстардың жариялылығын қамтамасыз етпек. Негізгі мақсат – республика халқының келешекте де жеткілікті дәрежеде зейнетақыға қол жеткізуіне мүмкіндік жасау.
Осыдан кейін ведомство басшысы Қарағандыға табан тіреді. Онда да ол әртүрлі сала қызметкерлерімен, кәсіп иелері және мемлекеттік мекеме басшыларымен кездесулер өткізді.
Серік Әбденовтің айтуынша, зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесі күллі ғаламдық үрдіске айналып отыр. Тек бұл мәселені қоғам болып бірлесе қолға алғанда ғана жүйелі түрде бір ретке келтіруге болады.
– Осы мақсатта біздің мамандар әрбір өңірді аралап, жүзеге асырылып жатқан жобаның тиімді тұстарын түсіндіріп қайтты. Өйткені, қолданыстағы жобаның тиімсіз тұстарын байқап отырмыз. Үлестің кемуі салдарынан жинақтық зейнетақы жүйесі қарқын алып кете алмай отыр. Оның үстіне еңбек өтілінің мардымсыздығынан жеткілікті дәрежеде зейнетақы жинағына қол жеткізе алмайтын қызметкерлердің де қатары артып келеді. Бұл болашақта зейнетақы төлеу жүйесінің күрт азаюына алып келетін жайт, – деп атап өткен министр бүгінгі таңда мемлекет тарапынан миллиондаған қазақстандықтардың қолжетімді зейнетақы жүйесіне қол жеткізуіне барынша ұмтылыс танылып жатқанын айтты.
Министрдің сапары енді Жезқазған өңірінде жалғасады. Онда Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездесулер өткізу жоспарланған. Екі күнге созылатын бұл сапарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі кемінде 1,5 мыңнан астам адаммен кездеседі деп күтілуде.
«Егемен-ақпарат».