24 Сәуір, 2013

Баршамыздың мақсатымыз ортақ дейді Аягөз қаласының тұрғыны Гүлнара Салибаева

331 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Баршамыздың мақсатымыз ортақ дейді Аягөз қаласының тұрғыны Гүлнара Салибаева

Сәрсенбі, 24 сәуір 2013 2:31

Аягөз аудандық қазынашылық мемлекеттік мекемесі басқар­ма­сының бастығы Гүлнара Нығ­метоллақызымен ойда жоқ жерде кездестік. Ол өз ұжымымен бірге «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» Мәдениет үйінде өтіп жатқан «Мейірім» акциясына қатысуға келіпті. 700 орындық ғимарат іші халыққа лық толы. Аягөздегі жетім балаларды аялауға арналған акцияда мекемелер мен шаруа қожалықтарының иелері қайы­рымдылық танытып, қолдан келген көмектерін жасады.

Сәрсенбі, 24 сәуір 2013 2:31

Аягөз аудандық қазынашылық мемлекеттік мекемесі басқар­ма­сының бастығы Гүлнара Нығ­метоллақызымен ойда жоқ жерде кездестік. Ол өз ұжымымен бірге «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» Мәдениет үйінде өтіп жатқан «Мейірім» акциясына қатысуға келіпті. 700 орындық ғимарат іші халыққа лық толы. Аягөздегі жетім балаларды аялауға арналған акцияда мекемелер мен шаруа қожалықтарының иелері қайы­рымдылық танытып, қолдан келген көмектерін жасады. Тіпті «Аягөз жол ПЧ-42» мекемесінің бастығы Ғазез Мұқажанов мәрттік танытып, жетімдерге екі бөлмелі екі пәтерді салып беретінін айтты. Ал Гүлнара қарындасымыз да бұл қайырымдылық шарасынан тыс қалмай, ұжыммен бірге қомақты көмек жасады.

Қайырымдылық шарасы аяқталған соң Гүлнара Нығ­ме­тол­лақызымен әңгімелесудің сәті түсті. Жанымызда Аягөз ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Роза Қайырбаева бар.

Аягөз ауданында 70 мыңнан ас­там адам тұрады. Мұндағы жер­гілікті тұрғындардың дені қазақтар. Г.Салибаева осындағы №1 орыс мектебін тәмамдаған соң, Алматыдағы несие беру-есеп техникумына оқуға түседі. Бала кезінен өзі ұнататын осынау оқу орнын ойдағыдай аяқтаған ол қызмет ете жүріп білімін одан әрі жалғастыруды мақсат тұтады.Ақыры талапты қыз арман қала Алматыдағы халық шаруашылығы институтының студенті атанады. Оны аяқтаған соң Аягөзге оралады.

Ұйғыр жігіті Ғабдулқайым Салибаев екеуі бірін бірі ұнатып, тұрмыс құрады. Қазір алтын асықтай екі балалары бар. Ұлы Ниғмет Демирел университетін үздік бітірген, қазір Алматыдағы ірі компанияда директор. Ал қыз­дары Фируза 7-сыныпта оқиды, құр­б­ылары арасында сыйлы, оқуда озат.

– Мінезі салмақты, ұжымында зор беделге ие Гүлнара Нығ­ме­тол­лақызының атқарып отырған жұмысы бүкіл ауданның тыныс-тіршілігімен тікелей байланысты, – дейді аудан әкімінің орынбасары Сейілбек Ысқақов. – Аудан бойынша 96 мекеме бар екенін ескерсек, бүкіл қаржылық операциялар осы жерден өтеді. Ұжымда 20 адам еңбек етеді. Барлығы білікті де білімді кадрлар. Оның үстіне, қазақ тілінің майын тамызатын, мақал-мәтелді жатқа соғатын Г.Салибаева мемлекеттік тілдің өркендеуіне де өз үлесін қосып келе жатқан іскер де өнегелі жан.

Мекеме Наурыз, басқа да мемлекеттік мейрамдардың мәнді де мазмұнды өтуіне назар аударады. Оның үстіне қазынашылық мекеме түрлі шараларға қатысып, қолдан келген көмектерін жасайды.

– Қазақтармен қоян-қолтық араласып, туыстарша сыйласып кеттік, – дейді Гүлнара Нығметоллақызы. – Көршілерім Баян және Мәдина апайларға деген құрметім ерекше. Қазақ көршісі десе қоң етін кесіп беруден тайынбайтын жомарт халық қой. Тығыз араласып, бір-бірімізді мереке күндері құттықтап жатамыз. Мәдениет үйі жанынан құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының бөлімінде төрайым бола жүріп, Аягөздегі басқа ұлт өкілдерінің басын біріктіруде де біраз шараларды атқардық. Аудандағы халықтың 98 пайызы қазақтар, қалған 2 пайызы басқа ұлт өкілдері. Аудан әкімі Әнуарбек Мұхтарханов ағамызға алғысымызды айтамыз, уақыты тапшы болса да, бізбен кездесіп, көмегін жасап тұрады.

Г.Салибаеваның айтуынша, аудан экономикасы өсіп келеді. Аудандағы бюджеттің орындалуын, қаржыны ұтымды да орны-орнымен пайдалануды бақылайтын мекемені басқарған соң кіріс-шығыс назарда болуы керек, дейді ол. Биыл «Қазақмыс» корпорациясы Ақтоғай кен-байыту комбинатының құрылысын бас­тады. Оған 750 миллион АҚШ доллары бөлінді. 2015-жылдары алып кәсіпорын іске қосылған соң ауданның 1500-2000 адамы жұмыспен қамтамасыз етіл­мек. Алтын өндіретін кеніш пай­далануға берілетін мерзім де алыс емес. Аягөзде өткен жылы бірнеше мектеп, балабақшалар іске қосылды. Аудан экономикасының өркендеуі адамдардың ертеңгі күн­ге деген сенімдерін арттыра түс­кен.

– Қазақтармен көрші бол­ға­ны­ма қуанамын. Олар достық пен татулыққа адал. Қонақ келсе, төрін ұсынады. Күйеуім ұйғыр, өзім татар болсам да бірде-бір рет өгейсіткендерін көрген емеспіз. Қайта бауырларына тартып, құшақтарын жаяды. Ендеше, еліміздің гүлденуіне үлес қосу – барлығымыздың мақсатымыз, – деп жүрекжарды лебізін білдірді Гүлнара Нығметоллақызы.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы.