Аймақтар • 01 Маусым, 2019

Шымкенттегі киелі орындардың аумағында көріктендіру жұмыстары жүргізілді

1290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасы бойынша Шымкенттегі 7 нысан республикалық маңызы бар, ал, 8 нысан жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілді.

Шымкенттегі киелі орындардың аумағында көріктендіру жұмыстары жүргізілді

Тарихи ерекшеліктеріне қарай ежелгі сәулеттік ескерткіштерді сақтап қалу мақсатында қала іргесінде орналасқан киелі орындар - Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелерінің аумағында көріктендіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ,  «Қошқар ата» жобасы бойынша жергілікті билік тарапынан Қошқар ата өзенінің жағалауы абаттандырылып, қаланың тарихи даму кезеңін қазіргі уақытпен ұштастыратын заманауи қалашық және туристік аймақ ретінде дамыту жобасы жүзеге асырылуда. 

Қуантарлығы, қаладағы ескі қалашықты (Цитадель) ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізудің номинациялық деректемесі дайындалды. Қалашықты ашық аспан астындағы мұражай ретінде құру бойынша ЖСҚ дайындауға 2017-2019 жылдары қаржы қаралып, игерілген. Бүгінде мұнда реставрация, консервация жұмыстары жүргізілуде.