Руханият • 03 Маусым, 2019

Балалар қиялындағы бояулар

1338 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік сарайында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Сиқырлы бояулар әлемі» атты көрме өтті. Бұл көрмеге Нұр-Сұлтан қаласындағы «Есіл» балалар көркемөнер мектебіне баратын 5 жастан 16 жасқа дейінгі оқушылардың 160-тан аса жұмысы қойылды.

Балалар қиялындағы бояулар
Шараның ашылуында сөз алған аталған мектеп­­тің мұға­лімі Гүлшара Алтынса­риева: «Халқымызда «Бұлақ көр­сең көзін аш» деген нақыл бар. Біз­ де өнерге талпынған бала­лар­ға дұрыс жол көрсетсек де­дік. Көрмедегі туындыларды бір күнде, бір аптада жасаған жоқпыз. Бұл – оқушылардың бір жылдық жұмысының жемісі. Осы жерде ата-аналарға да алғы­сымды айтып өтсем деймін. Бо­­ла­шақта осы жеткіншектер ара­­сынан танымал суретшілер шығып жатса, біздің еңбегіміздің жан­­ғаны деп ойлаймын», деді ол.

Көздің жауын ала­тын көркем туындыларды бір қараған адам баланың қолынан шыққан шы­ғар­ма деп мүлде ойламай­­ды. Ай­тар ойлары терең, қылқалам­дары төселген кәнігі шебер қол­дардан шыққан шынайы туын­дылар. Көрмені аралай жүріп байқағанымыздай, қазіргі жас ұрпақ өмірге бірнеше ракурс­тан қарай алатындығына таң­данасың. Мәселен, бір ғана Нұр­сейіт Алтынарай есімді 10 жасар суретшінің «Алмұрт» атты туындысы бізді біраз ойға жетеледі. Балдырған суретші сол алмұрттың ішіне алмұрт ағашының суретін сыйғызған. Бұл нені аңғартады? Жалқы арқылы жалпыға үңілу – терең пайым дегенге саяды.

Көрмеге қонақ болып келген Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Еркінбек Есімов те осы ойларымызды қуаттады. «Ба­ла­лардың қолынан шыққан кар­тиналар шынайылығымен құн­ды деуге болады. Олар өз қиял­дарында табиғатты, жан-жануарлар әлемін, тіпті адам психологиясының өзін дәл суреттейді. Өз жұмыстарына бейжай қарамайтындықтары оларды үлкен жетістіктерге жетелейді», деді суретші Е.Есімов.