27 Сәуір, 2013

Интеллигенция – ұлт бірлігінің ұйытқысы

1020 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Интеллигенция – ұлт бірлігінің ұйытқысы

Сенбі, 27 сәуір 2013 2:29

Ассамблея сессиясында Елбасы жүрекжарды сөзінің бір тармағын интеллигенция өкілдеріне арнады. Қазақтың зиялы қауымы менің сөзімді естуі тиіс, деді оларға, яғни біздерге Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұл үнқату қазақстандық қаламгерлер қауымына да арналып отырғандай әсер қалдырды. Иә, мықшегедей айтылған сөзді қалайша естімейік!? Естігенде қандай!? Бұған біз не дей аламыз? Менің ойымша, интеллигенция ұлттың ұлт болып одан әрі ұий түсуіне ықпалы мен оң әсерін тигізе алатын сапалық көрсеткішке ие болуға тиіс. Бұл үшін зиялы қауым күнделікті күйкі тірліктің деңгейінен әлдеқайда биік тұ­рып, қай іске де парасаттылық тұр­ғы­сынан келе білгені жөн.

 

Сенбі, 27 сәуір 2013 2:29

Ассамблея сессиясында Елбасы жүрекжарды сөзінің бір тармағын интеллигенция өкілдеріне арнады. Қазақтың зиялы қауымы менің сөзімді естуі тиіс, деді оларға, яғни біздерге Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұл үнқату қазақстандық қаламгерлер қауымына да арналып отырғандай әсер қалдырды. Иә, мықшегедей айтылған сөзді қалайша естімейік!? Естігенде қандай!? Бұған біз не дей аламыз? Менің ойымша, интеллигенция ұлттың ұлт болып одан әрі ұий түсуіне ықпалы мен оң әсерін тигізе алатын сапалық көрсеткішке ие болуға тиіс. Бұл үшін зиялы қауым күнделікті күйкі тірліктің деңгейінен әлдеқайда биік тұ­рып, қай іске де парасаттылық тұр­ғы­сынан келе білгені жөн.

Алтын бесік аталған ел ішінде ұлт бірлігін нығайтуға бүгінгі күндері елде тұрып жатқан жазушылар да өз үлестерін қоса алады. Соңғы жылдары суреткерлер мен өнер саңлақтарының туған топырағына келіп тұру үрдісі белең алып келеді. Айталық, қазір бүгінгі қазақ әдебиетінің ақсақалы Шерағаң – Шерхан Мұртаза қасиетті Әулиеата топырағында тұрып жатса, Ілия Жақанов Жайық бойында ұлттық рухты жоғары ұстаудың эталонына айнала білді. Оны биікке көтерудің қажеттілігі қандай? Бұл сауалдың жауабы Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, шынайы тарихымыз бен мәдениетіміздің және дініміздің қандай екенін айқын сезінуіміз үшін қажет. Сөз жоқ, бұл үштағанның ішкі иірімдерін терең зерделеуде, оны айналасындағы адамдардың сана-сезімдеріне сіңіруде интеллигенцияның ықпалы мол.

Қане, ой таразысына салып, өткенге тағы бір үңіліп көрейікші? Нені байқар едік. Бұған дейінгі кезеңдерде болып өткен кейбір түсініспеушіліктердің арғы астарында ұлттық тарихтың терең қырларын үстірт ұғыну көріністері жатқанына ешкім талас туғыза алмайды. Енді келіп мына қызықты қараңыз. Ақиқат, шын тарих айтылып еді, арадағы орын алып келген дүрдараздықтар да сап тыйылды. Бұған ұйытқы болған тарихшы ғалымдар мен ел ішіндегі ойы сергек, танымы терең интеллигенция өкілдері екені де анық. Мен ұлт бірлігіне ұйытқы болудың бір мысалын осы тұрғыда түсінемін.

Ұлт бірлігі тек бір ғана Ас­тана, Алматы секілді еліміздің әкімшілік және мәдени орта­лықтарында жасалмайды. Бұл баға жетпес құндылық ең алдымен өңірлерден тамыр тартады. Ұлт бірлігіне қызмет жасайтын тетіктер мен халықтық салт-жоралғылар халқымыздың өмір сүру дағдысында ғасырлар бойы қалыптасып келгенін біз бүгінгі күні өр дауыспен айта аламыз. Елбасы айтқандай, осы құндылықтар қандай екенін дәл осы арада нақтылай кеткеннің артықшылығы болмаса керек. Міне, санай беріңіз: «Ел-жұрт», «жеті ата», «қонақжайлылық», «асар», «сыйластық», «сабырлылық». Біз бүгінде толеранттылық деген жаңа халықаралық терминді көбірек қолданып жүрміз. Алайда, бұл ұғымның түпкі мағынасы халқымыздың тағаттылық, са­бырлылық деген сөзімен үндес екеніне мән бере бермейміз. Осы орайда «Сабыр түбі – сары алтын» деген мәтелінде қаншама терең мағына жатқанына ой жүгіртіп көрдік пе?

Иә, инновациялар дәуірінде бұған дейінгі ұғымдармен шектеліп қалмай, халықтық құндылықтарды бүгінгі заман талаптарына сай үйлестіре, ыңғайластыра білсек, ұпайымыз түгенделе түспек. Сондай-ақ, бірлік ұғымын отаншылдық, патриоттық сезім ұғымдарымен байланыстыра қарағанның артықшылығы жоқ. Осы орайда мен Доспамбет жыраудың: «Құдай мені пеш түбіне отырып қалудан сақтасын. Сарыарқаның сары даласында жаумен арпалысып өлсем, арманым жоқ», деген сөзі маған ұлтын шексіз сүйе білудің ғана емес, оның болашағы үшін жанын пида етуге әзір екендігінің де үлгісіндей көрінеді. Былайша қарағанда, шонжардың, бүгінгі тілмен айтқанда, олигархтың баласына не жетпейді. Отыздан енді аса берген шағында өмірден өткен тарихи тұлғаның кейінге қалдырған тағылымы осындай. Халқымыздың арғы-бергі тарихында мұндай мысалдар аз емес.

Ал бүгінгі күн биігінен қа­рағанда, өз заманының зия­лы­сы Доспамбет жыраудың осын­дай ұстанымы бүгінгі отан­дастарымызға да сіңісті бол­ғанын қалар едік. Бүгінгі кү­ні рухани үдеріс ұғымы те­рең мән-мағынаға ие. Оған көш­басшылық жасауда еліміздегі интеллигенция өкілдеріне үл­кен жауапкершілік жүктеліп отыр­ғанын Елбасымыздың риясыз сөзі арқылы тағы бір терең түй­сінгендей күй кештік.

Қайрат ЖҰМАҒАЛИЕВ,

ақын.

ОРАЛ.