Руханият • 03 Маусым, 2019

«Альтаир» халық би ансамблі 55 жылдық мерейтойын атап өтті

1667 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтаулық көрермендер «Альтаир» халықтық би тобының Абай атындағы Мәдениет сарайында 55-жылдық мерейтойына арналған концертін тамашалауға мүмкіндік алды.

«Альтаир» халық би ансамблі 55 жылдық мерейтойын атап өтті

Ұжымның тарихы 1964 жылдан басталды. Ол кезде жас қалаға Кеңес Одағының түрлі бөліктерінен келген жас мамандар өздерінің ұлттық әндерін, музыкасын және билерін әкелді.

Ансамбльде үлкен шығармашылық өмірбаян бар. Би тобының бірінші жетекшілері Валерий Джанжолия, Олег Бекоев, Виктор Бочарников, Алик Думановский, Юрий Осокин, Вячеслав Митрофанов, Лидия Мейдер болып келді. 1996 жылдан қазіргі уақытқа дейін ансамбльды Тамара Ивановна Думановская басқарады. Ол бұл салада көптеген ұрпақтар легін
тәрбиелеп шығарды. 1981 жылы ансамбльге жемісті еңбегі үшін «Халықтық» атағы берілді.      

«Алтаир» ансамблі көптеген конкурстар мен фестивальдердің лауреаты. Ансамбльдің репертуарында ТМД және әлемнің әртүрлі елдерінің билері бар.

- Би арқылы әр халықтың табиғатын, мінезін танып, білуге болады. Бұл бізге елімізде тұратын түрлі ұлттың мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Біздің ұжымды Қазақстан халқы Ассамблеясының шағын көшірмесі деуге болады. Украиндер өзбектің, кәрістер татардың биін жоғары шеберлікпен орындай алады. Ансамбль біздің қаламыздың көптеген концерттері мен мерекелерінің қатысушысы, сондай-ақ жыл сайынғы республикалық байқауына қатысады, дейді ұжым жетекшісі.

Көп жылдар бойы ансамбль аудан мен облыстың барлық кенттерін концерттермен аралап қайтты.

Ансамбль репертуарында 30-дан астам әлем халықтарының биі, қазіргі заманғы, сюжеттік би, хоеографиялық суреттер бар. Ансамбль бірнеше рет облыстық сахнада өнер көрсетіп, облыстық байқаудың қорытынды концерттеріне қатысты. Халықаралық, республикалық, облыстық фестивальдер мен конкурстардың лауреаты және дипломанты.

55 жыл бойы «Альтаир» халықтық би ансамблі ең тұрақты, ең жарқын ұжым болып табылады. Мерейтойлық концертте Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Г.Исмурзина Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Е. Тоғжановтың атынан құттықтап, алғыс хатын тарту етті.

Маңғыстау облысы мәдениет басқармасы бастығының орынбасары А.Нұрдәулетов Т.Думановскаяны мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан, елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі, мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқаны, мәдениет жүйесінде инновациялық қызметі үшін «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

Украин этномәдени бірлестігінің төрайымы Татьяна Лесниченко Украинаның Қазақстандағы елшісінен Тамара Думановскаяға құттықтау хатын табыс етті.

Концерттің бағдарламасында көрермендер украиналық гопак, орыс биі «березка», поллеская кадриль атты әдемі билердің калейдоскопын көрді. Қырғыз, украин, татар және белорус билері сығандар, молдова және кавказ билерін асқан шеберлікпен орындап, көрермендердін зор ықыласына ие болды.