Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Көп балалы отбасыларға пәтер берілді

989 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Nurly Ertis» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға 50-ден астам көп балалы отбасы көшіп келді. Ба­лалар мерекесінде Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов елордалық тіркеуін өзгертуге шешім қабылдаған отбасыларға пәтер кілттерін табыс етті.

Көп балалы отбасыларға пәтер берілді

Барлық еңбекке жарамды қоныс аударушылар жергілікті кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыспен қамтамасыз етілмек. Ал балалары балабақша мен мектептерге орналастырылады. Оларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды рәсімдеуге жәрдем көрсетіледі. Бүгінгі таңда Екібастұз қала­сы әкімдігі елдің еңбек күші мол өңірлерінен қоныс аудару­шыларға 283 пәтер беруге дайын, оның ішінде 89 – үш бөлмелі, 108 – екі бөлмелі, 86 бір бөлмелі пәтерлер бар.

«Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, азамат­тардың әлеуметтік осал топтарын қолдау, халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыр­у бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Осыған байл­анысты Павлодар облысы әкімдігінің бастамасымен «Nurly Ertis» бірегей бағдарламасы іске қосылды. Барлық көшіп келу­шілерге жан-жақты қолдау көрсетіледі. Екібастұзда көп­теген ірі өнеркәсіптік кә­сіп­орындар жұмыс істейді, кә­сіп­керлік жақсы дамыған, сон­дықтан оны Қазақстанның да­мыған және перспективалы қа­лаларының бірі деп атауға болады. Бұл оң тәжірибені елі­міздің басқа да еңбек күші тапшы аймақтарында пайдалану қажет», деді Б.Сапарбаев.

Өңір басшысы Б.Бақауов өз сөзінде Павлодар облысы рес­пуб­­ликадағы білім беру сала­сындағы көшбасшылардың бірі екенін атап өтті.

«Біздің балаларымыз халық­аралық және респуб­лика­лық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленеді, ал үш жастан асқан балалар балабақшалардағы орындармен 100% қамтамасыз етілген. Өнеркәсіп белсенді дамуда, Қазақстанда бұрын өнді­ріл­меген өнім шығаратын жаңа кә­сіпорындар ашылуда. Сон­дықтан Павлодар облысында «Nurly Ertis» бағдарламасын іске асыру өте орынды. Осы бағ­дар­лама бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан Екібастұзға өмірлік қиын жағдайға тап болған 50 көп балалы отбасы көшіп келді. Біз оларды тұрғын үймен, жұмыспен, бала­бақшалар мен мектептердегі орындармен қамтамасыз етеміз. Біз қоныстанушыларға кө­мектесуге міндеттіміз және біздің өңір олар үшін нағыз өз үйіндей болады деп үміттенеміз», деді облыс әкімі.

Бұдан кейін министр мен әкім «Дара» қайырымдылық қорының қолдауымен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе отырып, Екібастұз қаласының №2 мектебінің базасында ашылған психологиялық-педа­го­гикалық түзетуге арналған балалар ка­бинетінің жұмысымен танысты.

Жобаның мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен олардың отбасыларына тиімді көмек көрсету.Түзету кабинетінде ерекше бала де­фектолог, психолог, логопед, ЕДШ нұсқаушысы жә­не т.б. сияқты мамандар тобынан кешенді білікті көмек ала алады. Кабинет толық қажетті жабдықтармен, оның ішінде Монтессори әдістемесі бойынша, ЕДШ бойынша сабақ өткізуге арналған құрал-саймандармен, тифло және сурдожабдықтармен, «Дельфа» логопедиялық аппаратымен, сондай-ақ барлық қажетті әдістемелік құралдармен жабдықталған.

Жұмыс сапарының соңында Бердібек Сапарбаев Екібастұзға елордадан көшіп келген отба­сы­лардың мектепке дейінгі жас­тағы балалары баратын №27 «Еркем-ай» балабақшасына барды.

 

Павлодар облысы