Руханият • 04 Маусым, 2019

18 редактордың тағдыр-талайы

1008 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өткен ғасырдың отызыншы жыл­дарғы ойранынан қазақ зиялы­лары­ның ойлы ортасы болған «Ұшқын­нан» бастап «Социалистік Қа­зақ­стан» болып аталғанға дейін­гі аралықта басылымды бас­қар­ған редакторлардың қай-қай­сысы да аман қалған жоқ, қуғын-сүргінге ұшырады, атылды. Қа­ламы­мен де, қайраткерлігімен де хал­қы­ның тарихын таңбалаған сол асыл тұлғаларды тағы бір мәрте оқыр­ман назарына ұсынуды жөн көрдік.

18 редактордың тағдыр-талайы

Сәкен Сейфуллин

(1894-1938) 1917 жылы қа­зақ­ коми­те­ті құ­рыл­ған­да әуелі орынбасар, бір­аздан кейін оның­ бастығы бо­лып сайланды. «Жас қазақ» ұйы­мын құрып, «Тіршілік» атты газет шығарған. 1922 жылдың көк­темінде Сәкен қасына бір топ серіктерін ертіп, Бетпақдала ар­қылы Түркістанға өтіп, Ташкентке ба­рады. Орынборға қайтып келген  соң «Еңбекші қазақ» газетінің ре­дакторлығы мен Оқу халық ко­миссариатының орынбасарлығына тағайындалады. С.Сейфуллин газетті 1922 жылдан 1924 жылдың сәуіріне дейін басқарған. Кезінде «Қызыл сұңқар» атанып, Кеңес өкіметін орнатуға белсене атсалысқан Сәкен Сейфуллин де қызыл қуғын-сүргіннен қашып құтыла алмаған. Ақын жазықсыз тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесіледі.


Молдағали Жолдыбаев

(1887-1938) га­зетті 1924 жыл­дың­­ сәуі­­рі­нен­ бас­тап­ сол­ жылдың жел­тоқ­­санына дейін бас­қар­ған. 1910-1918 жылдары қоғамдық жұмыс­тар­ға белсене кірі­седі. «Айқап» жур­на­лына, «Қазақ» газетіне еңбек­ші ха­лық­­тың мұң-мүддесін көздейтін мақала­лары жарық көріп тұрады. «Еңбекші қазаққа» қазақтың белді ақын-жазушылары Бейімбет пен Сәкен кезек-кезек басқарып тұрған кезеңде жауапты редакторлыққа келеді. М.Жолдыбаев 1927 жылдан бастап шыға бастаған ұлттық педагогикалық арнаулы басылым – «Жаңа мектеп» журналының алғашқы редакторы болады.


Тұрар Рысқұлов

(1894-1938) Ко­ми­терн АК Орта-Шығыс бөлімі мең­герушісінің орын­басары, со­­нымен қатар 1924 жылдың ор­тасынан 1925 жылдың шілдесіне дейін Ко­ми­терннің Моңғолиядағы өкілі, 1926 жылы  БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің баспасөз бөлімінің меңгерушісі және өлкелік «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы қызметтерін атқарған. Газетке 1926 жылдың сәуірінен бастап 1926 жылдың маусымына дейін редактор болған. 1926 жылдың маусымынан 1937 жылдың шілдесіне дейін РСФСР халкомкеңесі төрағасының орынбасары болып, репрессияға ұшыраған.


Ораз Жандосов

(1889-1938) Түр­­кістан КП­ ОК-нің үгіт-на­си­хат бөлімінің мең­ге­ру­шісі және БК(б)П Қа­зақ­ өлкелік ко­ми­тетінің екін­ші хат­шысы болған. 1923-1924 жылдары Мәс­кеу­дегі К.Тимирязев атын­дағы ауылшаруашылық академиясында оқы­ған. 1924-1928 жылдары БК(б)П Қазақстан өлке­лік комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. «Еңбекші қазақ» газетіне басшылық жасаған кездері, міне, осы қызметте жүрген кезбен тұспа-тұс келеді. О.Жандосов газетті 1926 жылдың маусымынан 1926 жылдың шілдесіне дейін басқарған.


Ораз Исаев

(1899-1938) газетті 1926 жылдың шіл­десінен 1926 жыл­дың тамы­зы­на дейін бас­қар­ған. Бұл жө­нін­де белгілі ға­лым Темірбек Қо­­жа­кеев «Егемен Қазақстанның» 1994 жылғы 14 жел­тоқсанда шыққан «га­зеттің алғашқы керуенбасылары» деген мақаласында былай деп жазады: «1926 жылғы шілденің 13-і мен тамыздың 30-ы аралығында газет редакторы О.Исаев болды Бұл тұста ол Қазкрайкомның ұйымдастыру бөлімін басқарған. Кейін он жылдай Халық Комиссарлар Кеңесіне төрағалық еткен іскер де беделді қызметкер болған».