Қоғам • 05 Маусым, 2019

Сочиге – 10 жолдама!

947 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Балалардың жазғы демалысы да басталды. Жазғы каникул күндерін қызықты, көңілді, мәнді өткізу үшін жергілікті бюджеттен 557,8 миллион теңге бөлінсе, кәсіпкерлер де демеушілік жасауда. Биыл өңірде балалардың жазғы демалысына орай әртүрлі типтегі 758 лагерь ашылмақ.

Сочиге – 10 жолдама!

Жазғы демалысты ұй­ымдастыруда әлеуметтік қол­дауға зәру отбасылардың ба­ла­ларына ерекше қолдау көр­сетіліп, 16 мыңға жуық ба­лаға тегін жолдамалар беріл­мек. Яғни, биылғы жазда да «Балаға жолдама сыйлайық!» атты шара өз жалғасын табады. Өңір­дегі демеушілер мен меце­наттардың көмегімен бала­ларға жалпы құны 21,8 миллион теңге тұратын 358 жолдама беріледі деп жоспарлануда.

Екібастұздағы «Бога­тырь Көмір» ЖШС 12,6 миллион теңгеге 200 жолдама, «ГРЭС-2» АҚ стансасы 3,1 мил­лион теңгеге 50 жолдама, «ГРЭС-1» АҚ 1,1 миллион теңгеге 50 жолдама, «Қазхром» АҚ филиалының Ақсу ферроқорытпа зауыты 1,5 миллион теңгеге 30 жолдама берді.

Ал Павлодар ауданы «Лу­ганск» кәсіпорнының бас­шысы Петр Кузьменко оқу­да, өнерде, спортта жақ­сы же­тістікке жеткен дарынды ауыл оқушыларына Сочидегі демалыс лагеріне бару үшін 10 жолдама алып берді. 

Облыстағы «Жасыл желек» экологиялық жобасы ба­рысында «Әрбір мектеп аула­сы – гүлденген бақ» бастамасы бойынша да мұ­ғалімдер, оқушылар, ата-аналар бірлесе іске кіріспек. 

– Бұл баланың ең­бек­­ке, кәсіпке деген қы­зы­­­ғушылығын қалып­тас­тыратын маңызды кезең. Сондықтан балалардың жұмысқа орналасуына барынша көмектесу қажет, – дейді білім басқармасының басшысы Дінислам Болат­ханұлы.

Жылдағыдай Баян­ауыл­­дағы облыстық «Жас дәурен» оқу-сауықтыру ор­та­лығының «Қазақ-camp» атты маусымы басталады. «Туған өлке саясында» этнокруиз жобасына қатысушы жас ақындар, музыканттар, суретшілер өңірдің киелі жер­­лері бойынша жолға шығады. 

Маусымның тағы бір ерек­­шелігі, «Қазақ қоғамы» қо­ры­ның қолдауымен «Ата­ме­­кенге саяхат» жоба­сы аясын­да Тереңкөл ауда­нын­дағы «Самал» лагеріне Моң­ғолия­дан, Ресейден, Омбы, Құ­лынды, Алтай өл­кесінде тұ­ратын оқу­шылар келеді. 

ПАВЛОДАР