Қазақстан • 05 Маусым, 2019

Дәурен Абаев Ораза айт мерекесімен құттықтады

930 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Дәурен Абаев Ораза айт мерекесімен құттықтады

«Сіздерді әлемдегі мұсылман қауымының қасиетті мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Ораза айт – ұлттық құндылықтарымызбен сабақтасқан   дәстүріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Адамзат баласын татулыққа, тыныштыққа, қайырымдылық пен бейбіт өмір сүруге, сондай-ақ рухани жаңғыруға үндейтін ислам дінінің асыл қасиеттері осы Ораза айтта кеңінен көрініс табады. Ораза айт – еліміздегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді бұдан әрі күшейте түсері сөзсіз. Рамазан айында тұтқан оразаларыңыз, жасаған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын. Біздің халқымыздың барлық армандары мен тілектері орындалсын. Әр отбасына молшылық, бейбітшілік пен татулық, бірлік пен ынтымақ тілеймін», деді Д.Абаев.