25 Қаңтар, 2013

Тәуелсіздік шотландықтарға не береді?

409 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік шотландықтарға не береді?

Жұма, 25 қаңтар 2013 7:09

Жақында Ұлыбритания парламентінің төменгі палатасы елдің бір аймағы саналатын Шотландия парламентіне осы аймақтың тәуелсіздігін анықтауға байланысты референдум өткізуге құқық беретін жарлықты мақұлдады. Енді оны лордтар палатасы мақұлдаса, 2014 жылы Шотландияда референдум өтуі мүмкін.

 

Жұма, 25 қаңтар 2013 7:09

Жақында Ұлыбритания парламентінің төменгі палатасы елдің бір аймағы саналатын Шотландия парламентіне осы аймақтың тәуелсіздігін анықтауға байланысты референдум өткізуге құқық беретін жарлықты мақұлдады. Енді оны лордтар палатасы мақұлдаса, 2014 жылы Шотландияда референдум өтуі мүмкін.

Тәуелсіздік деген ұлы ұғым. Біреудің қол астында жүрген, ұлттық құқы аяқасты болған елдің, халық­тың арманы, әрине, тәуел­сіз­дік. Ал тең құқықта, ортақ игілікті ортақтаса пайдаланып жүрген, жақсылыққа қолдары бірге жетіп жүрген елдердің бір-бірінен бө­лі­нуіне көзқарас әртүр­лі. Біреу құп­тайды, біреу қарсы. Шот­ландияның Ұлыбританиядан бө­лінуі туралы айтқанда, оның құқық­тары аяқасты болды, басқадан езгі көрді, кем­сітушілікке ұшырады деп кінә қою да қиын. Ұлыбританияға Шотландия, Англия, Уэльс және Сол­түстік Ирландия кіреді. Құқық­тары бір­дей. Және бұл ел әлемдік өрке­ниет­тің, оның ішінде дамыған демо­кра­тияның жарқын мысалы саналады.
Енді Шотландия сол елден бө­лініп, жеке дербес мемлекет бол­ғысы келеді. Бұл жерде бүкіл Шотландия деуіміз артықтау шығар. Оның хал­қының бір тобы, біраз саяси күштер десек ләзім. Өйткені, әлеуметтік сауалдама нәтижесіне қарағанда, бөлі­нуді бұл аймақ хал­қының 40 пайызы ғана талап етеді, 50 пайызы қарсы, халықтың 10 па­йызы әрі-сәрі ойда. Бұл сауалдама шындық жағдайды бейнелесе, референдум бүгін өткен жағдайда, Шот­ландия Ұлыбрита­ния­дан бө­лінбейді.
Былтырғы жылы Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон мен Шотландия премьер-министрі Алекс Сэлмонд келісімге қол қо­йып, «заңды, адал да шешуші ре­фе­рендумның» қағидаттарын белгіле­ген. Тіпті бұған дейін де, нақты айт­қанда, 1997 жылы Шотландия шек­теулі автономия алған. Қазір оның өз парламенті, үкіметі бар. Білім беру, мәдениет, денсау­лық сақтау, көлік, қоршаған ортаны қорғау салала­рын­дағы барлық мә­селені өз қалауынша шешеді. Сот та, дін де орталықтан тәуелсіз. Бө­лінуді қалайтындардың жанына бататыны саяси биліктің және үл­кен экономиканың орталыққа қарай­тыны.
Қазір Шотландия парламенті ұсынған адамды Ұлыбритания Құ­рама Корольдігінің королевасы таға­йындайды. Қазіргі премьер А.Сэлмонд және оның Ұлттық партиясы дербес болайық, бәрін өзіміз ше­шейік дейді. Бұлар тарихқа жү­гінеді. Бір кезде Англия да, Шотландия да жеке корольдіктер бол­ған. Тіпті, олар бір-бірімен талай со­ғысқан да. Осыдан 300 жыл бұ­рын, нақтырақ айтсақ, 1707 жылы екі корольдік қо­сы­лып, құрама корольдік деп аталды. Бұлардың қатарына Уэльс, Сол­түс­тік Ирландия қосылып, ұлы держава Ұлы­британияны құрап отыр. Шотландия одан бөлінсе, Еуропадағы ша­­ғын мемлекеттің біріне айналады.
Рас, Шотландияның жер көлемі әжептәуір 78,8 мың шаршы километр, Ұлыбритания аумағының 32 пайызы, ал халқының саны 5,2 мил­лион. Ел халқының 8,4 пайызын құ­райды. Елдің әлсіздеу да­мыған айма­ғы. Бөлінгенде, қолда­ры табысқа жетеді деу қиын. Біраз қиындыққа ұшырайтыны да анық. Бөліндің екен, келе ғой, деп әлем­дік қоғамдастық елдері құшақ жая жүгіруі екіталай. Ол біраз халық­аралық кедергілерден өтеді. Содан соң Еуропа қауым­дас­тығына да енуі қиын. Ал бір мүшесі қарсы болса, Еуроодаққа да кіре алмайды. Жеке мемлекет болған соң, Ұлы­британияның өте беделді ақ­ша­сы фунт-стерлингтен шығасың. Ал оның жаңа ақшасын басқалар қабыл­дар ма екен?
Шотландия дербес ел болу үшін оны шешетін референдумға дейін біраз кедергіден өтуге тиіс. Тіпті, одан өткенде де, референдумда ха­лық­тың көпшілігі бөлінуді жақ­тайды дей алмайсың. Халық­тың көпшілігі біреулердің желөк­пелігіне бола тілі бір, тілегі бір ұлы державаның құрамынан кете қоюы неғайбыл-ау.

Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».