Аймақтар • 07 Маусым, 2019

Таласта табыс көзі көп

968 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Талас ауданы – өңірдегі ауыл шаруашылығына қолайлы аймақ. Әсіресе мал шаруа­шы­лығы дамып, сол арқылы жергілікті халықтың тұр­мысы тұрақты болып отыр. Талас­тың табыс көзіне айналатын күні де алыс емес.

Таласта табыс көзі көп

Олай дейтініміз, аудан табиғат құбылыстарының өзін кәдеге жаратып, ауыл жағдайының жақ­саруына үлес қосып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­стан-2050» Стратегиясында «Кө­мір­сутегі шикізатының нары­ғында ірі ойыншы болып қала отырып, біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы және жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы барлық энергия тұтынудың кем дегенде тең жартысы келуге тиіс», деген болатын. Ендігі жерде Елбасы тапсырмасынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру үшін аудан ахуалын арттыру мақсатында инвестиция тарту жұмыстары қарқын алды. 

Аудан әкімі Досмаханбет Әлиев­тің айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Талас ауданында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 1475,2 миллион теңгені құраған. Ал аудан бойынша 55 мың 179 адам бар болса, аудан тұрғындарының жан бас­ы­на шаққандағы негізгі капи­талға салынған инвестиция көле­мі 26,7 мың теңгеге жеткен. Соны­мен қатар аудан әкімдігінің мәлі­метінше, қазіргі таңда аудан­да екі инвестициялық жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, бірін­ші жоба құны 1867,6 миллион теңг­ені құрайтын, қуаттылығы 4,5 мВт болатын жел электр энергия­сын өндіру кешені. Аталған мақ­саттағы кәсіпорын салу үшін «Wind Power city» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қызыләуіт ауылдық округінен 21 гектар жер учаскесі бөлініп беріліпті. Әкімдіктің мәліметінше, жобаның жобалық сметалық құжаттары да дайын екен. Жоба толықтай іске асқан жағдайда мұнда 12 жұмыс орны ашылады. Аталған жоба Энергетика министрлігінің тізіліміне де енгізілген. Қазіргі таңда «Wind Power city» ЖШС тарапынан ауданға 1142,2 миллион теңге инвестиция салынып отыр. Сонымен қатар 10 адамды құрайтын мерді­гер ұйым құрылыс жұмыстарын бастап кетті. 

Ал Талас топырағында жүзеге асып жатқан екінші жоба жалпы құны 1867,6 миллион теңгені құрайтын, қуаты 4,5 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру кәсіпорны. Бұл мақсатта «Wind Electricity» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аудандағы Қызыләуіт ауылдық округінен 22 гектар жер учаскесі бөлініп берілді. Қазіргі таңда жобаның сметалық құжат­тары дайындалған. Ал жоба іске асқан­да 10 жұмыс орны ашы­лады. Бұл жоба да еліміздің Энер­гетика министрлігінің тізілі­міне енген. Бүгінде «Wind Electricity» ЖШС тарапынан ауданға инвестиция тарту мақ­сатында 2,1 миллиард теңгеге шетел кәсіпорнымен келісім жасалды. Қызыләуіт ауылындағы бұл жобалар толықтай іске асқан күннен бастап жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар тартылған инвестицияның бар­лығы өңір экономикасын кү­шей­тіп, халықтың әлеуетін арттырады. 

«Бұл жобалар аудандағы баламалы энергия көздерінің үлесін жоғарылату бойынша атқарылуда. Талас ауданында жел қуаты жетер­лік. Табиғаттың осы сыйын адам­дардың игілігіне жарату – бүгін­гі ұрпақтың міндеті», дейді аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров.


Жамбыл облысы