Парламентшілер Альянстың Ресеймен қатынасын, Альянс пен Еуразиялық Одақтың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының келешегін, киберқауіпсіздік, цифрлық нарықтар, терроризммен күрес, Ауғанстан мен Иракты қалпына келтіру, ядролық қаруды таратпау мәселелерін талқылады.
Қазақстандық депутаттар құрамында «Словакия-Қазақстан» достық тобының басшысы П.Марчек, Қорғаныс және қауіпсіздік, білім, ғылым, жастар және спорт комитеттерінің төрағалары А.Хрнко мен Л.Петрак бар Словакия Республикасы Ұлттық кеңесінің делегациясымен кездесті. Кездесу аясында тараптар екіжақты ынтымақтастықты, парламентаралық үнқатысуды одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, халықаралық жағдай туралы пікір алмасты.
Парламентшілер сол күні Славин мемориалында, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Братиславаны жаудан азат етуде қаза болған Кеңес әскері жауынгерінің құрметіне орнатылған ескерткіште болды.