Аймақтар • 07 Маусым, 2019

Алматыда электрлі самокаттарды жалға беретін қалалық сервис ашылады

864 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «OZIM SCOOTERS» өздігінен жүретін электрлі құралдарды минут бойынша жалға беретін сервис іске қосылады. Жұмыс сапары барысында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек жеке инвесторлар қолға алған еліміздегі алғашқы ерекше жобаның жұмыс принциптерімен танысты.

Алматыда электрлі самокаттарды жалға беретін қалалық сервис ашылады

Шілде айының өзінде антиванадалды қорғаныспен және GPS трекерімен жабдықталған 300 электрлі самокаты бар 35 станцияны ашу жоспарланған. Сервиске мобильді қосымша арқылы қосылуға және мониторинг арқылы станциядағы бос тұрған самокаттар жөнінде мәлімет алуға, карта бойынша жеке бағытты белгілеуге болады.

Алматылық жас стартаперлердің пікірінше, электрлі өздігінен жүретін құрал қала бойынша қозғалыста танымал, жайлы әрі экологияға еш залалсыз.

Алматыда қала кеңістігін өзгерту, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін кедергісіз орта мен инфрақұрылым қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүруде, сондықтан қала инновациялық бизнеске тартымды бола түскен.

«Әлемдік практика жалға алынған электрлі самокатпен жүрудің ұзақтығы 5-7 минутты құрайтынын көрсетті. Кейде оны метро немесе автобус бекетіне барғанша пайдаланады. Біздің «Android» және «IOS» қосымшаларымыз арқылы жалға алу төлемін банк картасы арқылы жүргізуге болады. «ОҢАЙ» картасы арқылы төлеу жоспарланған. Жыл аяғына дейін тағы 500 самокат алатын боламыз», - деді компания директоры Асылбек Есенов.

Айта кетерлігі, қазіргі кезде қалада 100 км байланысы бар веложолдар салынған. Велопрокаттың «AlmatyBike» автоматты жүйесі енгізілген. Итальяндық инвестиция есебінен еліміздегі ірі «Anytime» каршеринг-сервисі іске қосылған.