Қоғам • 08 Маусым, 2019

Еліміздегі жеке тұлғалардың салық қарызы - 21,7 млрд теңге

802 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы Министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитеті жүргізген мониторинг бойынша жеке тұлғалар мүлік, жер және көлік салықтары бойынша қарыздары анықталды.

Еліміздегі жеке тұлғалардың салық қарызы - 21,7 млрд теңге

2019 жылдың 6 маусымына сәйкес жеке тұлғалардың мынадай негізгі салық қарыздары бар:

- мүлік салығы бойынша 362 569 жеке тұлғалардың 1,2 млрд.теңге негізгі салық қарызы;

- жеке тұлғалардан жер салығы бойынша 365 055 салық төлеушілердің елді мекен жерлері бойынша 2,1 млрд.теңге негізгі салық қарызы;

- көлік салығы бойынша 719 193 жеке тұлғаларда 18,4 млрд.теңге негізгі салық қарызы тіркелген.

Мемлекеттік кірістер комитеті шетелге шығатын жеке тұлғаларға салық берешегін төлеу керек екенін еске салады.

«Егер сіз шетелге шығатын болсаңыз, Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына кіруді ұмытпаңыз және салық және төлемдер бойынша қарыздарыңыздың жоқтығын тексеріңіз» делінген комитет хабарламасында.