09 Маусым, 2019

Қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысуда

3134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 07.00 де басталған Қазақстан Республикасы кезектен тыс Президент сайлауына азаматтар белсенді қатысып жатыр. Сайлау уческелері ашылған сәттен бастап отандастар көптеп дауыс бере бастады. Еліміздің түрлі өңірлеріндегі сайлау учаскелеріндегі бақылаушылар да сайлаушылардың белсенділігін атап өтуде.

Қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысуда

Әлеуметтік  желілерде  сайлауға қатысты түрлі  жазбалар жарық көре бастады.  Қолданушыларыдң көбі  өздерінің дауыс бергендерін  жазуда. Шымкент қаласының тұрғыны  Сейдалы Дүйсебайұлы

«ҚР Президенттігіне кезектен тыс сайлау процесін бақылау үшін Шымкент қаласының N92 сайлау учаскесіне келіп қалдық. «Аманат» азаматтық платформасының бақылаушылары өз орнында. Таңертеңмен ұйқыларын ғана емес, Г. Головкиннің бокс қызығын қиып келіп жатқан сайлаушылардың саны мол» деп жазса,  тағы бір желі қолданушысы кейбір сайлаушылардың  бірер сағаттан соң тікелей эфирде көрсетілетін, бокстан  Г.Головкин мен Стив Роллс жекпе-жегін көруге учаскеде  қалғанын жазды.


Елордадағы сайлау учаскелерінің біріне ағылған халық «Egemen  Qazaqstan» газетінің фототілшісі Ерлан Омаровтың  назарына ілініпті.  Суреттер азаматтардың белсенділігін айғақтайды.


 

 




 




Соңғы жаңалықтар