09 Маусым, 2019

Үш сағатта Шығыс Қазақстан тұрғындарының 15 проценті дауыс берді

718 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Елдар Төлеубековтің айтуынша, өңірде 1040 сайлау учаскесі құрылған.

Үш сағатта Шығыс Қазақстан тұрғындарының 15 проценті дауыс берді



Қазақстан Республикасы кезектен тыс Президент сайлауына шығысқазақстандықтар белсенді қатысып жатыр. Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Елдар Төлеубековтің айтуынша, өңірде 1040 сайлау учаскесі құрылған. «Сайлау комиссиялары мүшелерінің саны - 6770. Олар өздерінің жұмыстарын бастап кетті. Ал дауыс берушілердің жалпы саны миллионға жуық. Қазіргі, сағат 10-дағы жағдай бойынша айтар болсақ, шамамен облыс тұрғындарының 15,5 проценті дауыс берді. Бұл ретте Бесқарағай, Глубокое, Катонқарағай, Абай аудандары белсенділік танытуда» дейді ол.

Ал облыс орталығы – Өскемен қаласында 120 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. «Бұл сайлау учаскелеріне 244 667 сайлаушы тіркелген. 8000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат бүгін үйде дауыс беру мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі уақытта қалада Қазақстанның 112 тәуелсіз бақылаушылары, сондай-ақ ЕҚЫҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да ұйымдардың халықаралық бақылаушылары миссиялары жұмыс істейді. Сайлау учаскелерінің жұмысы үзіліссіз сағат 20: 00-ге дейін жалғасады» дейді Өскемен аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Фархад Құрманов.


ӨСКЕМЕН