«Мен еліміздегі Президент сайлауына қатысып, өз таңдауымды жасадым. Бұл - менің тұңғыш дауыс беруім. Осынау тарихи кезеңде еліммен бірге болайын деп, Италиядан арнайы ұшып келдім. Өз даусымды еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына қосқан үлесім деп білемін. Алғаш рет сайлауға қатыса отырып, кемел келешекке дауыс бердім деп ойлаймын. Жастардың жарқын болашағына өзіндік үнімді қостым деп сенемін. Елімізде жастардың оқып , білім алуына барлық жағдай жасалған. Соның бір көрінісі өзімнің шет елде білімімді жалғастыруым. Сәтін салса, елге келіп, өнер саласының қарыштап дамуына өз үлесімді қосатын боламын», – дейді ол.
«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы белгілі композитор, пионист Рахат-Би Әбдісағын Алматы қаласындағы №54 сайлау учаскесінде дауыс берді. Жас болса да халықаралық деңгейдегі үлкен сахналарда ел намысын арқалап жүрген дарын иесі жастарды сайлауда белсенді болуға шақырды.
Президент Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
Президент • Бүгін, 00:42
Экономикалық трансформация: Елде 17 ірі жоба ашылып, 25 мың адамды жұмыспен қамтиды
Экономика • Бүгін, 00:15
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
Спорт • Кеше
Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшылар табылды
Төтенше жағдай • Кеше
Елордадан 556 мың текше метр қар шығарылды
Елорда • Кеше