Сайлау • 10 Маусым, 2019

Ж.Сааданбеков: Қасым-Жомарт Тоқаев – адал әрі кәсіби дипломат

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мен 2000-2007 жылдардың аралы­ғында Қырғызстанның Қазақстан Республи­касындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқардым және Қасым-Жомарт Тоқаевпен жақын таныс болдым. Ол сол уақытта Қазақстанның Сыртқы істер министрі еді және тек өз елінің ғана емес, бүкіл посткеңестік аумақтың ірі саяси фигурасына айналып үлгерген. Қ.Тоқаев мырза сол күрделі кезеңде жас саясаткер болса да Қазақстанның ұлттық мүдделерін қайсар мінезімен қорғайтын кәсіби дипломат, беделді тұлға ретінде танылды.

Ж.Сааданбеков: Қасым-Жомарт Тоқаев –  адал әрі кәсіби дипломат

Н.Ә.Назарбаевтың дана басшылығымен және Қ.Тоқаевтың тікелей араласуымен Қазақстанда ядролық қарусыз аймақ құрудан бастап Азияда сенім шараларын нығайтуға бағытталған АӨСШК ұйымының негіз қалау секілді күрделі мәселелердің шешімі табылды.  Ол өзінің ұзақ қызмет жылдарында Қазақстанның дипломатия саласының абыройын асқақтатуға бар күшін салды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы қажет жерде талапшыл, жылдам шешім қабылдайтын дарынды азамат. Оның бұл қасиеттері тек өз елінде ғана емес, шетелдерде де мойындалған. Егер ол ел басшылығына келетін болса, онда Қазақстанның жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндіктері арта түспек.  


Жұмагұл СААДАНБЕКОВ,

Қырғыз Республикасының қоғам қайраткері