Сайлау • 10 Маусым, 2019

М.Жолдасбек: Әр азамат өз үнін қосуы тиіс

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біз үшін, Қазақстан халқы үшін маңызды саяси науқан өтті. Еліміздің болашақ президен­тін таңдауға жиналдық. Президент­тіктен 7 адам үміткер, осының өзі – демократияның айқын бел­гісі. Бәрі өздерінің насихат жұмыс­­тарын ойдағыдай жүргізді, қалға­нын шешетін – халық. Мен де дауыс бердім. Дауысымды елі­міздің тыныштығы, келешегі, жас­тары­мыздың болашақ бақыты үшін, барлық ырзық қазаққа жетсе, бұ­йырса екен деп бердім.

М.Жолдасбек: Әр азамат өз үнін қосуы тиіс

Болашақ президентіміз халыққа адал, елдің жанашыры болып, аза­маттардың еңбегін бағаласа, «та­бан­ақы, маңдай тер» деген қазақы сөздің салмағын сезінсе екен деген тілегім бар. Елдің ынтасы жақсы, елордамызда жаңбыр жауып тұрса да, таңдау жасауға белсенділік танытты.

Қазақстан мұндай жақсылықты бұрын көрген жоқ. Аты бар, заты жоқ ел едік. Қазақпын деп айтуға жас­қанатын. Қазір, Құдайға шүкір, бұл елдің иесі – қазақ, әсіре­се, бүгінгі жастар. Сондықтан кейін­гі буын­ға «Қазақстан – сенің мемле­кетің, елорда – сенікі. Осыған үлкен сүйіспеншілікпен, жауап­кер­шілік­пен қараңдар, мейлінше қызмет етіңдер» деп айтып отырамын. Өйткені әр азамат өз үлесін, өз үнін қоспаса, бұл мемлекет өркендемейді.

Мырзатай ЖОЛДАСБЕК,

мемлекет және қоғам қайраткері