Президент • 11 Маусым, 2019

Мемлекет басшысы Ресей елшісін қабылдады

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Феде­рация­сының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Ресей елшісін қабылдады

Алексей Бородавкин Қасым-Жомарт То­қаев­­қа кездесуге мүм­кіндік бергені үшін риза­шы­­­лық білдіріп, президент сай­лауын­дағы же­ңі­сіне байланысты Ресей Федерациясының Пре­­зи­денті Владимир Путиннің құт­тықтауын жеткізді.

– Мен Сізді дауыс беру­шілер белсенді қа­тыс­қан сай­лау­дағы айқын жеңісіңізбен құт­тық­­­таймын. Бұл – таза жеңіс әрі халық­тың Сіз­ді Қазақ­стан Президенті ретінде таң­дауы­ның айқын дәлелі, – деді Ресей елшісі.

Сонымен қатар Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын одан әрі тереңдету және екі е­л­дің халық­аралық ұйымдар ая­сын­дағы ын­тымақ­тас­тығына қат­ыс­ты мә­селелер талқыланды.