Саясат • 11 Маусым, 2019

Швеция байқаушысымен кездесті

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назар­баева Швеция Король­дігінің байқау­шысы, елші, швед үкі­метінің Солтүстік Корея және Мьянма мәселелері жөнін­дегі арнаулы уәкілі К.Харстедпен кез­десті, деп хабарлады Қазақ­стан Республикасы Пар­ламенті Сенатының бас­пасөз қызметі.

Швеция байқаушысымен кездесті

Сенат басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына бай­қаушы ретінде қатысқаны үшін алғыс білдірді. Ол сайлау науқаны ашық өткенін және сайлауға мониторинг жүр­гізу үшін барлық жағдай жасал­ғанын атап өтті. 

Кездесуде тараптар түрлі бағыт бойынша екіжақты ынты­мақтастықты нығайтуды көз­дейтініне тоқталды. Ө­ткен жылдың мамыр айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК пен шведтік «Ваттенфолл» энергетикалық компаниясы арасындағы келісімшарт бо­йынша қазақстандық уран жеткізілген болатын. Қазақ­стандық өнім үшін швед на­ры­ғы осылай ашылған еді. Сенат басшысының пікірінше, индустрия, IT және жасыл технологиялар, экотуризм өзара іс-қимылдың келешегі зор бағыттары болуы ықтимал. 

Кездесу барысында халық­аралық күн тәртібіндегі жа­һандық мәселелер талқы­ланды. Сенат басшысы К.Харс­тед­тің Швеция үкіметінің Сол­түс­тік Корея және Мьянма мә­се­­­­­лелері жөніндегі арнаулы уә­­­кілі ретіндегі белсенді қыз­ме­­тін атап өтті. «КХДР-ды үн­­­­­қа­­­ты­с­уға тарту жөніндегі сіз­­­­­дің күш-жігеріңізге қолдау біл­­­ді­ре­міз, бірлесіп жұмыс іс­тей­тін ықтимал алаң ретінде Нұр-Сұл­тан қаласын, атап айт­қан­да Қа­зақ­станның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті қорын ұсынамыз, онда бітім­гер­шілік жөніндегі қыз­метте мол тәжірибесі бар ма­ман­дар жұмыс істейді»,  деді Д.Назарбаева.