С.Громов Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы үйлесімді жұмысы үшін ТМД ПАА-ның халықаралық байқаушыларына алғысын жеткізді және «ашық және әділ сайлау өткізу біздің негізгі ұстанымымыз болды» деп атап өтті.
И.Умаханов байқаушылардың жұмысына жақсы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді. Сайлау нәтижелері туралы айта келіп, ол Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына орай «Қазақстан халқы жеңімпаз атанды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретін пәрменді тетік жасады», деді.
Тараптар сондай-ақ тиімді ынтымақтастықтағы парламентаралық үнқатысудың маңызды рөлін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастарды тереңдету мәселелерін талқылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Бауыржан МҰҚАН,
«Egemen Qazaqstan»