Президент • 12 Маусым, 2019

Президентті айқын жеңісімен құттықтады

493 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қазақстан Республ­и­ка­­сының Президенті лауа­зы­мына сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау хаттар мен жедел­хаттар келіп түсу­д­е, деп хабарлады Қазақ­стан Республи­касы Прези­дентінің баспасөз қызметі.

Президентті айқын жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мун құттықтады. БҰҰ 8-ші Бас хат­шысы, Ёнсэ университетінің жанын­дағы Жаһан­дық іс-қимыл­дар институты­ның құрметті төрағасы Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевты жауапты мем­лекеттік лауазымға сайлануы­мен шын жүректен құттықтады. Жеделхатта Мемлекет басшы­сы­ның БҰҰ Женевадағы бөлім­­шесінің Бас директоры қыз­метін атқарған кездегі жұмыс тәжі­рибесі, әртүрлі мүдделі тараптарды келісімге келтіру қабі­леті Қазақстанды өркендетуге сеп­тігін тигізетініне сенім білдірген.

«Қазақстан – қазіргі уақыт­та орнықты дамуы мен инклю­зивті өсімін айқын көрсетіп келе жат­қан бірегей мемлекет. Сіздің дипло­матияны терең түсінетініңіз елі­ңіздегі мем­лекет­тік құрылыс пен әлеу­ме­ттік-экономикалық дамуға ық­пал етеді деп ойлаймын. Ал­дағы уақытта әлем­нің бола­шағын жарқын ету мақ­сатында күш-жігер біріктіріп, ынтымақтастығымызды жал­­ғас­тыра бергіміз келеді», делінген жеделхатта.

Ресей Федерациясының Пре­­зи­­денті Владимир Путин Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың Пре­зи­­­­дент сайлауындағы айқын же­ңі­сі Мемлекет басшы­сы­ның өз отан­­дастары арасын­дағы бе­делі­­нің жоғары және Қазақ­­­стан­ның ор­нықты әлеу­мет­­тік-эко­но­микалық дамуына бағыт­­тал­ған бағдарды жал­ғас­­­ты­­руға, оның сыртқы сая­си мүд­­делерін қор­ғауға, екі ел ара­сын­­дағы стра­тегия­лық серік­тес­тік пен одақ­тас­тықты жан-жақ­ты ны­ғайтуға ниетті екенін көрсететінін жеткізді.

«Екіжақты байланыстарды нығайту үшін Сізбен ты­ғыз жұ­мыс істеуді жалғас­тыру­ға, сон­дай-ақ, Ресей мен Қазақ­стан­ның дос­­тас халықтарының игілігі үшін еу­ра­­зия­лық кеңіс­тік­тегі өз­ара тиім­­ді инте­грациялық үде­­ріс­­терді ілге­рі­ле­туге дайын еке­ні­міз­ді растағым келеді», – делінген жеделхатта.

Өзбекстан Республикасы­ның Президенті Шавкат Мир­зиёев дауыс беру қорытындысы бауырлас Қазақстан халқының Қасым-Жомарт Тоқаевқа толық сені­м артқанын және кең көлем­де қолдау көрсеткенін тағы да дәлелдеді деді. Оның пікі­рінше, бұл Мемлекет бас­шы­сы­ның елі­­міздің орнықты дамуы мен халық­аралық беде­лін арт­тыруға, саяси бағдар мен маңыз­ды әлеу­меттік-эко­но­мика­лық рефор­малардың дәйек­ті жал­ғ­а­суына деген сенім болып саналады.

«Елдеріміз бен халық­тары­мыз­дың мүддесі үшін өзара күш бі­рік­тіре отырып, өзбек-қазақ стра­­тегиялық серіктестігін одан әрі да­мытып, нығайта бере­тіні­мізге се­нім­дімін», – делінген жеделхатта.

Тәжікстан Президенті Эмо­мали Рахмон өз құттықтау хатында Қазақстан халқының еркі мен ықыласы Мемлекет бас­шы­сының қызметіне деген зор сенімнің кө­рі­нісі болып саналатынын айтқан.

«Бүгінде стратегиялық серік­тестік аясында табысты да­­мып келе жатқан екі елдің көпқыр­лы қатынастарының дәйек­­ті кеңеюінің берік жақтаушы­­сы ретінде біз Сізді білеміз әрі құр­меттейміз. Тәжік-қазақ ықпал­дастығын одан әрі жан-жақты тереңдетуге мүд­деліміз. Өзара күш біріктіре отырып, екі ел арасын­дағы ынты­мақтастықты халықтарымыздың игілігі үшін жаңа деңгейге көтере алаты­нымызға сенім білдіремін», делін­ген құттықтау хатта.

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээн­беков өз жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауындағы айқын жеңісі Қазақстанның одан әрі орнықты дамуына, бауырлас екі халық­тың достығы мен тату көршілігі­не, сондай-ақ, елдеріміз арасын­дағы стратегиялық әріптестікті ке­ңейтуге септігін тигізетініне сенім білдіреді.

Әзербайжан Республикасы­ның Президенті Ильхам Әлиев өз құттықтау хатында: «Әзер­байжан-қазақ қатынастары ха­лық­тарымыздың ортақ тарихына, ұлттық және дүниетанымдық тамырына негізделеді. Берік негізге сүйенген мемлекетаралық байланыстарымыз бен стратегия­лық серіктестігімізді одан әрі да­мыту және берік қарым-қаты­­нас­­­тары­мыз бен көпқырлы ын­ты­­­мақ­­­тас­тығымызды терең­­дете тү­су үшін бірге күш жұмыл­ды­ра­­ты­ны­мызға сенемін», деп жазған.

Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич өз елінің Қазақстанмен дос­тық байланыстарға зор мән бере­тінін және берік қарым-қаты­нас­тар мен кең ынтымақ­тас­тықты ны­ғайтуға мүдделі екенін айтты.

«Сіздің саяси тәжірибеңіз бен идеяңызға зор сенім артқан Қазақстан азаматтарының арқа­сында Сіз еліңізді даму жолына жетелейсіз», делінген Сербия Президентінің жеделхатында.

Мажарстан Премьер-Ми­нистрі Виктор Орбан Мем­ле­кет бас­шысын Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады және ол өз Үкіметімен бірлесіп, мажар және қазақ халықтарының арасындағы достықты тереңдету үшін аянбай еңбек ететініне сенім білдірді.

БҰҰ Өркениеттер альян­сы­ның жоғары өкілі Мигель Анхель Моратинос Қасым-Жо­март Тоқаевты президент сай­лауындағы айқын жеңісімен құт­тық­тап, Альянстың Қазақстанмен ықпалдастығының жақсы екенін атап өтті. Сонымен бірге, өзара әріптестіктің одан әрі кеңейе тү­се­тініне үміттенетінін айтты.

Америка-Қазақстан іскерлік ассоциациясының атқарушы директоры Сара Никель Президент Тоқаевтың Қазақстанда бизнесті қолдауға қажетті экономикалық өсім мен реформаларды ілгері­лету ісіндегі тәжірибесі бай еке­нін атап өтті.

«Сіздің Президент болып сай­лануыңыз бен «Астана» ха­лық­аралық қаржы орталығы сияқ­ты маңызды бастамалардың жал­ғасуы инвесторлар үшін мем­лекеттің ұзақмерзімді даму, гүл­дену және халықаралық әріптестік бағытындағы ұстанған жолына беріктігі туралы белгі болып табылады», делінген жеделхатта.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына өз құт­­­­­­тықтауларын Мажарстан Пре­зи­­денті Янош Адер, Грузияның Президенті Соломе Зурабишви­ли, Молдова Республикасының Прези­денті Игорь Додон, Гру­зия­н­ың Премьер-Министрі Ма­мука Бахтадзе, Болгария Респуб­ликасының бұрынғы Президенті Петр Стоянов жолдады.

Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск өзінің құттықтау хатында Еуропалық одақтың Қазақстанмен қарым-қатынасы­на бейілді екенін тағы бір нақ­тылаған.

«Қазақстан – Еуропалық одақ­тың маңызды әріптесі. Қазақ­­стан мен Еуропалық одақ арасындағы әріптестік пен ын­тымақтас­тық жөніндегі келі­сім, болашақ­тағы тереңдетуге ұм­тыл­ған біз­дің мазмұнды іс-қи­мылымыздың негізі болып табылады», делінген жеделхатта.

Дональд Туск бейбітшілік, тұрақтылық пен өсіп-өркендеу болып табылатын Қазақстанның аймақтық ынтымақтастық пен диалогтарды жүргізудегі рөлін құптады.

Чех Республикасының Пре­зиденті Милош Земан да Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құт­тықтады.

«Мен Сіздің Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті лауа­­зы­мына сайланғаныңыз тура­­лы хабарды үлкен қуа­ныш­­пен қабылдадым. Сіздің бас­шы­лығыңызбен екі елдің дос­тық қарым-қатынасы бұдан әрі қарай да нығайып, ын­­ты­мақтас­тығы­мыз халық­тары­мыздың игі­лігі үшін дами бере­тініне нақ сенім­дімін», делінген жеделхатта.

ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев өзінің құттықтау жеделхатында, ТМД елдерінің атынан байқаушылар миссиясының жетекшісі ретін­де Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының алдында үлкен сенімге ие екеніне шынайы көз жеткізгенін атап өткен.

«Сіздің Мемлекет басшысы лауазымындағы қызметіңіз бұдан әрі қарай да Қазақстан Республикасының қарыштап дамуына, халықаралық деңгейде өз ұстанымын нығайтуға, сондай-ақ Тәуелсіз мемлекеттер дос­тас­тығы кеңістігіндегі инте­гра­ция­лық үдерістердің тереңдей тү­суіне зор ықпал ететініне се­нім­дімін», делінген жеделхатта.

Татарстан Президенті Рустам Минниханов халықтың қолдауы аса жауапты лауазымда жемісті қызмет ету үшін берік әрі қуатты құрал деп атап өткен.

«Біздің бауырлас Татарстан мен Қазақстан халықтарының арасындағы конструктивті және тілектес ынтымақтастық дәс­түрімізді Ресей-Қазақстан көп­қырлы стратегиялық қарым-қа­ты­на­сының бір бөлігі ретінде қа­рас­тырып, өзара мазмұнды іс-қи­мылды арттыратынымызға се­нім­дімін», делінген жеделхатта.