Аймақтар • 12 Маусым, 2019

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытудың заманауи тәсілдері талқыланды

2035 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдері» республикалық онлайн семинары Алматы қаласы бойынша «Өрлеу» орталығында ұйымдастырылды.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытудың заманауи тәсілдері талқыланды

Семинар жұмысын «Өрлеу» БАҰО» АҚ директоры Р. Садвакасова ашып берсе, академик Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің инклюзивті білім берудің консультативтік-практикалық орталығының директоры В. Боброва «Кадровый потенциал как важный аспект развития инклюзивного образования», Абай атындағы ҚазҰПУ  «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары үшін инклюзивті білім берудің ресурстық-консультативтік орталығының» ғылыми қызметкері А. Ахметова «Вопросы подготовки педагогических кадров в Республике Казахстан к работе в условиях инклюзивного образования», «Тұран» университетінің «Психология» кафедрасының меңгерушісі, пс.ғ.к., доцент А. Қасымжанова «Кадровый потенциал как важный аспект развития нклюзивного образования», №74 ЖЖБМ инклюзивті білім берудегі әдіскері, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі А. Юсупова «Вопросы подготовки педагогических кадров в Республике Казахстан к работе в условиях инклюзивного образования», Нұр-Сұлтан  қаласы №52 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар бойынша оқу орынбасары З. Кожахметова «Нейропсихологический подход в структуре инклюзивного педагогического процесса», Нұр-Сұлтан қаласы №52 мектеп-гимназиясының дефектолог-мұғалімі З. Сураганова «Алгоритм работы службы психолого-педагогического сопровождения с детьми ООП» тақырыптарында баяндама жасады.

Семинар барысында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қатысты білім беру процесіне қатысушылардың барлығында толеранттылықты тәрбиелеу, инклюзивті білім беруді енгізудің ғылыми негіздері, инклюзивті білім беру жағдайында мұғалімдерді жұмысқа дайындау, т.б. мәселелері қарастырылды.

Қаралған мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығына орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарына және ҚР аймақтарының білім беру ұйымдарына ұсыныстар жасалды: Инклюзивті білім беруді дамыту мүмкіндіктерін зерттеу, жоғары оқу орындарының табысты тәжірибесін, атап айтқанда, Букетов атындағы ҚарМУ педагогикалық факультетінің дефектология кафедрасының қызмет тәжірибесін ескере отырып инклюзивті білім беруді іске асыруға педагогикалық кадрларды даярлау мәселесін шешу бойынша: жоғары оқу орнының құрылымында инклюзивті білім берудің консультативтік-практикалық орталығы және «Инклюзивті үйірме» құрылды, олар студенттер, докторанттар, жас ғалымдар үшін оқу-өндірістік және ғылыми-эксперименталдық алаң ретінде әрекет етеді;  Инклюзивті білім беру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру кезінде қазіргі ғылыми тәсілдерге негізделуі; Мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу психологиялық қызметінің апробацияланған жұмыс алгоритмдерін қолдану;  Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеуде және оқытуда заманауи технологияларды қолдану; Инклюзивті білім беруді іске асыруда мұғалімдер мен психологтарға әдістемелік көмек көрсету бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарының «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы кафедраларының ПОҚ курс аралық жұмыс жүйесін жетілдіру; Семинар мақалалары мен ұсынымдарының жинағын шығару.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ өңірлік филиалдары мен жоғары оқу орындарының педагог-ғалымдары, Алматы қаласының психологтары, логопедтері қатысқан іс-шара соңында Қазақ психологиялық қоғамының мүшесі, психолог-практик (балалар нейропсихологиясы, РАС бар балаларды диагностикалау және оңалту), «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі, «Тұран» университетінің докторанты Г. Құдайбергенова «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің заманауи технологиялары» тақырыбына арналған шеберлік сағатын өткізді.

Республикалық online семинарға қатысушылар кері байланысқа шығып, инклюзивті білім беру бойынша құнды мәліметтерді жинақтауға мүмкіндік берген мазмұнды жиынға орай орай  ұсыныс-пікірлерін білдірді.