Саясат • 12 Маусым, 2019

Ұлықтау рәсімі туралы қызықты деректер

4510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа сайланған Президенті – Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді. Жаңа Президент елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқына ант береді. Осыған орай ұлықтау рәсіміне қатысты қызықты фактілерге көз жүгіртсек.

Ұлықтау рәсімі туралы қызықты деректер

Әр президент ұлықтау рәсіміне жаңа дәстүр қосуды жөн көреді. Осылайша, әр президент өз жаңалығымен тарих беттеріне мәңгі жазылып қалмақ.

Тарихтағы ұлықтау рәсіміндегі ең қысқа сөз Дордж Вашингтонға тиесілі. Америка  Құрама Штаттарының алғашқы президентінің анты 135 сөзден тұрған.

Ал Авраам Линкольн ұлықтау рәсіміне алғаш болып афроамерикандықтарды шақырса, Вудро Вильсон – бұл тізімге әйлдерді қосқан алғашқы көшбасшы.

Гарри Трумэннің ұлықтау рәсімі теледидарлардан көрсетілген алғашқы президент.

Билл Клинтон болса, ұлықтау рәсімі тікелей эфирден көрсетілгенімен тарихта қалды.

Ал Францияда ұлықтау рәсімінде елдің ескі және жаңа сайланған презденттері кездеседі. Ескісі өз ізбасарына сөмке табыстап, сарайды босатады. Содан соң жаңа басшы мәңгілік алау жағып, бейтаныс жауынгердің мазарына гүл шоғын қояды. Франциядағы рәсімнің ерекшелігі –президент халқына ант бермейді.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп ант бергенде, Інжіл кітабына қолын әйелі Мелания Трамп қойып тұрған болатын.

Чехия заңы тіптен қатал. Жаңа мемлекет басшысы ант беру кезінде сөзінен жаңылса, рәсімді тоқтатып, сайлау нәтижесін дұрыс емес деп танып, қайта сайлау жүргізеді.