«12 маусымда сағат 8. 09- да Алматының ТЖД «101» тетігіне, монша кешенінен өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дер кезінде жетті», - дейді ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.
Төтеншеліктер қызыл жалынды сағат 09. 33-те құрықтаған. Оқиғаның неден болғаны анықталып жатыр. Тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт салдарынан жапа шеккендер жоқ. Мамандар күн күрт жылыған жаз айларында өрт қаупі күшейетінін, сондықтан техникалық қауіпсіздік мәселесін қатаң сақтауды ескертеді.