Экономика • 12 Маусым, 2019

GEFCO инновациялық фабрикасын іске қосты

336 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өнеркәсіп саласында әлемдік қызмет жеткізуші және автомобиль логистикасы саласында еуропалық көшбасшы болып табыла GEFCO тобы Инновациялық фабрикасының ашылғаны туралы ақпарат таратып отыр. Бұл бастама Топтың жаңашыл стратегиясындағы ең маңызды оқиғалары қатарында.

GEFCO инновациялық фабрикасын іске қосты

Ішкі жаңашылдық рухты күшейтуде Инновациялық фабрика әрбір қызметкерге жаңашыл идеяларды ойлап табуға және оларды зерттеуге, бизнестің өсуін қолдауға қажетті шешімдер қабылдау кезінде оларды дамытудың әлеуетін игеруге мүмкіндік бере отырып, жаңашылдық қызметтің мәдениетіне тәрбиелеуді көздейді.

Инновациялық фабрика командаларда жұмыс істейтін өз үміткерлеріне кез келген уақытта өз жобаларын алға тартуға және жаңашылдық идеяларын ұсынуға мүмкіндік бере отырып, жыл бойы қолжетімді болмақ. Олар GEFCO бизнесінің кез келген саласында қолданылуы мүмкін, дегенмен GEFCO-ның негізгі жаңашылдық бағыттарымен келісімде болуы, сондай-ақ клиенттердің сұранысына сай және Топтың барлық салаларының түрлі көлемдік қағидаттарын ұстануы тиіс. Жаңашыл идеяларды іріктеу комиссиясының ішкі сарапшылары осы өлшемдерге негізделген үздік тұжырымдамаларға баға береді. Содан кейін таңдалған команда Инновациялық фабрикаға шақырылады және олар игерілген тәжірибеден, сондай-ақ өз жобасын табысты дамытуға арналған ресурстардан  табыс табады. Идеялық тұжырымдамаға дәлелдемелер жасалған соң, тұрақты жұмыс орнында лауазымы мен еңбекақысы сақталатын, қатысушыларға өз иедяларын әзірлеуге шоғырландыруға арналған ақылы демалыс ұсынылады.

Жаңашылдық қызметпен бөлісуге келсек, GEFCO смартфонның көмегімен өз кезегінде соңғы тұтынушыға дейін өзінің машинасын жеткізетін дербес көліктік қызмет көрсету болып табылатын "Міне, менің автокөлігім" сияқты жетістіктің арқасында, өзінің ішкі инновациялық экожүйесін енгізу кезеңінде тұр.  2018 жылдың 12 маусымында  Германия, Боннада «Automotive Logistics Europe» көрмесінде "Міне, менің автокөлігім" қосымшасы үшін "Инновациялық Көшбасшы" номинациясын бойынша марапатталған.

Оның үстіне, Топ инновациялық әзірлемелерді белсенді бақылайды және мысалы, Франциядағы қойманы басқаруға арналған роботтар немесе Испаниядағы қойма запастарына арналған пилотсыз ұшатын аппараттарды қолдана отырып, жаңа технологияларға "сынау және оқыту" тәсілдемесін енгізеді.  GEFCO қатар стартаптармен жұмыс істейді, бұл өз кезегінде инновациялардың дамуын жеделдетеді.

АЛМАТЫ