Іле-шала тағы бір қуанышты хабарды құлағымыз шалды. Атап айтсақ, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Исламхан іріктеу додасының төртінші турының қорытындысы бойынша ең үздік ойыншы болып танылды. Танымал «SofaScore» аналитикалық порталы қандасымыздың Сан-Марино құрамасына қарсы өнерін 10.0 ұпайға бағалаған екен. Екінші және үшінші орындарды словениялық жартылай қорғаушы Йосип Иличич (9.6 ұпай) мен Германияның жұлдызы Марко Ройс (9.2 ұпай) иеленді.
Осы аптада Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің кезекті тур ойындары өтіп, Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариноны футболшыларын 4:0 есебімен ойсырата ұтқаны белгілі.
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Аймақтар • Бүгін, 00:23
Аяздан бетті қалай қорғау керек
Денсаулық • Кеше
Қазақстанның басым бөлігінде боран тұрып, тұман түседі
Ауа райы • Кеше
Қазақстанда жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қоғам • Кеше
Ұлттық ұлан жаңа технологияны меңгереді
Аймақтар • Кеше