Аймақтар • 12 Маусым, 2019

IV Қонақ үй бизнесі форумы Алматыда басталды

855 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Осымен төртінші рет өтіп жатқан бас қосуға – 6 мемлекеттің өкілдері қатысты.

IV Қонақ үй бизнесі форумы Алматыда басталды

 Қазақстана атынан сөз сөйлеген «Кazarh tourism» Ұлттық компаниясы Басқарма Төрағасының  орынбасары Тимур Дүйсенғалиев қазақ туризмі үшін жаңа бағыттардың беталысы байқала бастағанын, қонақ үй туризмінің жаңа мүмкіндіктері жайлы тілге тиек етіп өтті: Тимур  Талашұлының пайымдауынша, біз бизнестің осы түрінің мүмкіндігін кеңінен пайдала алмай отырмыз. Мысалы, Қазақстанның Өзбекстанмен, Қырғызстан немесе Ресеймен шекаралас аймақтарында қонақ үй бизнесі өз  әлеуетінде дамып отыр деп айта алмайсың: Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының орталығында қазақ-Ресей бизнес форумдары жиі өтіп тұрады. Алдағы уақытта мұндай форматта өтетін жиындарға алыс-жақын елдердің делегациялары қатысып, өзінің форматын кеңітуі  әбден мүмкін. Ал облыс орталығында халықаралық талаптарға жауап беретін қонақ үй мүлдем аз. Мысалы, өткен форумдардың бірінде екі елден келген делегаттардың саны 5 мыңнан асып кеткенде облыс басшылары оларды қайда қондырарын білмей әбігерге түсіп қалған көрінеді. «Қазір туризм саласының мүмкіндіктері әртараптандырылды: 2019 жылдың аяғына дейін  Астанада «Көшпенділер»  Шығыс Қазақстан облысында «Алтын адам» фестивалін өткізу жоспарда бар. Астананың бір мезгілде бірнеше жүздеген мың қонақты күтіп-алып, шығарып салуға мүмкіндігі бар. Сондықтан шығыс  өңіріндегі қонақ үй бизнесінің әлеуетін қайта қарап, қосымша қаржыландыру туралы ұсыныс енгіздік», -дейді       Тимур Дүйсенғалиев.

Форум қонақтарының асыға күткен форумнің екінші пленарлы сессиясында сөз сөйлеген түркиялық сарапшы, «Kilit Hospitaly Group» тобының жетекшісі Толга Килит жиналғандарды Түркия туризмі табысытылығының сырымен бөлісті: Оның пайымдауынша, туризм дер кезінде қөректендіріп, қурап  қалған тамырларын кесіп тастағанда ғана жаңа бұтақтар өсіп шығатын алып ағаш тәрізді. Туримзм немесе қонақ үй бизнесінің дамуы үшін  инфрақұрылым немесе менеджмент мүлдем аз.

«Маған алыс-жақын шетелдердің туризм индустриясы жақсы таныс. Басым көпшілігінде қонақ үй сервиізі деп сүлгі немесе халаттарды алыстан арбалап алып келгенге басымдық береді. Бұл қызмет көрсету бағасына әсер етеді. Ал туристті  бірінші кезекте барған елінің табиғаты    немесе архитектурасы қызықтырады. Ал қалғандарының бәрі екенші кезекте. Біз туризммен бірге жеңіл өнеркәсіпті де, кәле-сый бизнесін де қатар дамытуға тарыстық. Қазір Түркияда жоғары санаттағы қонақ үйлері бар кәсіпкерлерің басым көпшілігі жеңіл өнеркәсіп сияқты бірнеше бизнес түрін қатар алып жүр» деп сөзін бір түйіп өтті  Толга Килит. Одан әрі түркиялық қонақ өз елінде тарихи және мәдени туризм трендтке айналып келе жатақанын да айтып өтті. Соңғы оншақты жылдың бедерінде Түркия, түрік сұлтандары тарихына қызығушылық таныта бастағандардың қатары еселеп көбейіп кетіпті:

«Түркия туризмінің алтын ғасыры енді туды. Түркия мәдени және тарихи туризмнің дамуы үшін жыл сайын 20 млрд АҚШ долларын бөлуге шешім қабылдады», -деп сөзін қортындылады  Толга Килит.

Форум жұмысы жалғасып жатыр         


АЛМАТЫ