Президент • 13 Маусым, 2019

Жасампаз өзгерістер – адамдардың игілігі үшін

440 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының сайланған Пре­зиденті қызметіне кірісуіне арналған ресми салтанатта сөйлеген сөзі Қазақ­станның жаңа тарихы бастау алғаны белгіленген нүктесі болды. Ол – Мемлекет басшысы біздің бәріміз нақты түсінетіндей етіп айтқан – жақсы өмірге өтетін кезіміз болмақ.

Жасампаз өзгерістер – адамдардың игілігі үшін

Әрине, қоғам тағатсыздана күткен Президенттің ұлықтау рәсіміндегі сөзі – азаматтарымыздың басты сауалдарына берілген нақты және түсінікті жауап. Онда Президент Қ.К.Тоқаевтың Сайлауалды тұғырнамасының ережелері ғана көрініс тауып қоймай, оларға қол жеткізудің негізгі тәсілдері де белгі­леніп, жинақталған түрде берілген.

Сабақтастық қағидаты Елбасының Қазақстанды Үшінші жаңғыртуды, Бес институттық реформаны іске асыруға арналған бағытының, Президент «Ел­басы стратегиясы» деп атағанның бар­лы­ғының өзгермейтіндігімен расталды.

Сонымен бірге жаңа тәсілдер мен жаңа шешімдер уәде етілді, Мем­лекет басшысының айтуынша, олар өздерін көп күттірмейді.

Сондай-ақ Тұңғыш Президент – Елбасы өткен жылдың соңында және осы жылдың басында қалыптастырған қуатты әлеуметтік пакет осы саладағы елеулі нәтижелерге қол жеткізу мақ­сатында әлеуметтік саясаттың жаңар­тылуы­мен толықтырылатыны да аса маңызды.

 Биліктің адамдардың сұраныстарын есту, жергілікті жерлердегі мәселелерді шешу, азаматтар алдында жүйелі түрде есеп беру міндеті ерекше атап өтілді. «Уәде бермей, істеу керек!» деген тезис орталық және жергілікті биліктің іс-әрекеттерін бағалаушы ұстанымға айналып, ол адамдардың нақты әл-ауқатынан көрініс табуға тиіс. Әділдік қағидатын растау дегеніміз де, міне, осында жатыр.

Барлық саладағы – экономикалық, әлеуметтік және саясат саласындағы прогресс қағидатын Президент қазіргі заманғы сын-қатерлерге бірден-бір дұрыс жауап ретінде қарастырады. Бірақ прогрестің өзі де сандық немесе физикалық өсу ретінде емес, адам­дардың игілігі үшін жасалған жасампаз өзгерістер ретінде түсініледі. Сондықтан қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау, инвестицияларды тарту және қорғау, іскерлік белсенділікті ынталандыру ниеті, сайып келгенде, тұрақтылық пен бірліктің негізі ретінде кең ауқымды орта тапты қалыптастыруды білдіреді.

Міне, осы жерде біз Мемлекет бас­шысының қоғам мен азаматтар үшін маңызды – қоғамның бірлігін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың құқықтарын қорғау мақсатына жақындаймыз. Сайлау науқаны да осы әлеуметтік сұраныс­ты қоғамдық күн тәртібіндегі жетекші тренд ретінде алға шығарды.

Екінші жағынан, Мемлекет басшысы ұлықтау рәсіміндегі сөзінде өз пре­зи­денттігінің жаһандық мақсаттарын ғана емес, сондай-ақ оларға қол жет­кізу­дің негізгі тәсілдерін де атап көрсете алды.

Мемлекеттің стратегиялық мақсат­тарға қол жеткізуі үшін жауапкершілігі бір формуламен тұжырымдалды: күшті, өкілетті Президент – ықпалды, әрекетке қабі­летті Парламент – халыққа есеп бере­тін Үкімет. Алайда, саяси қондырма жүр­гізіліп жатқан экономикалық өзге­рістерге сәйкес болуы үшін саяси трансформация процесі белгіленген.

Бұл процесс биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру, азаматтық қоғамды дамыту, билік пен қоғамның диалогы, сондай-ақ пікір­лер плюрализмі векторы бойынша құ­ры­латын болады.

Бұл жолдағы алғашқы қадам, бәлкім алғашқы кеңесі осы жылдың тамыз айында өтетін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру болуы мүмкін.

Ал Президенттің сайлауалды тұғыр­намасын іске асырудың нақты жоспары барлық жұмыстың ортақ мәні болып, онда азаматтар мен қоғамның тілектері ескерілетін болады.

Мемлекет басшысы Президент лауа­зымындағы жұмысының басым­дықтары деп атаған 10 міндет барын­ша нақтылықпен атап көрсетілді. Олардың қатарында халықтың табысын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сот реформасы, жұмысқа орналастыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, табысты әділ бөлу, тұрғын үй мәсе­лелерін шешу, әділ әлеуметтік саясат, жалпыға бірдей оқытуды қолдау, сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету, өңірлерді дамытудың жаңа бағыты, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, сыртқы саясат және жастар блогы бар.

Сайлау алдындағы тұғырнамада белгіленген бағыттар арнасында мүлде күтпеген және жаңа ұсыныстар айтылып, олар Қ.Тоқаевтың өз бәсекелестерінің ха­лық арасында танымал болған тезис­теріне айтарлықтай мән беріп, шын мәнінде барша қазақстандықтың «халық­тық» Президенті болуға ниетті екенін көрсетті.

Олардың арасында – «өсудің маңыз­дылығы», «сот әділдіктің соңғы инстан­циясына айналуы тиіс», «кірістерді әділ бөлу – стратегиялық маңызы бар мәселе», «халық өңірлердегі шешім қа­был­дауларға қатысуы тиіс», «бостан­дық­қа ұмтылу, халықтың бірлігі мен жасам­паз күші», «жастар – прогрестің қозғау­шы күші», «Президенттің кадрлық резерві» бар.

Бұл ұсыныстарды қоғам да, қазақ­с­тандық саяси тап та, мемлекеттік қыз­мет те естуге тиіс. Естіп, Тәуелсіз Қазақ­станның жаңа тарихы «есік қағып тұр­ма­ғанын», қазіргі кезде «табал­дырықтан аттағанын» түсінулері керек. Сондықтан да «президенттік уақыт» қысылып, ны­ғыздала түсуде, өйткені Президент ұлық­тау рәсімінде сөйлеген сөзінде бел­гілеген мерзімдер – «таяу болашақ та» емес, «Үкіметтің таяудағы отырысы», биыл­ғы жылдың тамыз айы, бүгін және дәл қазір.

Бұл дегеніміз, біз бәріміз бірге жаңа саяси циклге қадам басқанымызды біл­діреді және қазір біздің айналамызда – жаңа шынайы өмір.


Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, 

ҚХА Төрағасының орынбасары