Кино • 13 Маусым, 2019

Апта фильмі: «Қара киімділер»

1011 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қара киімді құпия агент туралы америкалық ғылыми-фантастикалық комедия киноэкранға жол тартты. Жайшылықта «қара киімді» десе болды Уилл Смит пен Томми Ли Джонсқа (Джой мен Кейдің агенттері) үйреніскен болсақ, ендігі фильмде бұлар туралы бір сөз айтылмайды.

Апта фильмі: «Қара киімділер»

Бүгінгі көркем фильмдердің суреткерлік әлемін байланыс­тырып жатқан ортақ тақырып – әлем тыныштығы мен ғаламшар қа­­уіпсіздігі. Бұл жолы да әлем­­дік қауымдастыққа қауіп төн­ді­ріп тұрған тыңшыларға құ­пия агенттіктер қарсы тұ­ра­ды. Фильм – Лоуэлла Каннин­гем­нің комикстер сериясына негіз­делген шебер құрылған ком­позициясымен-ақ культке айнал­ған «Қара киімділер» сериялы фильмінің спин-офф нұсқасы. Кинотуындының режиссері – Феликс Гэри Грей болса, сценарийді Арт Маркум мен Мэтт Холлоуэем жазды. Басты рөлдерді Крис Хемсуорт пен Тесса Томпсон ойнады. «Келесі тараудың қызықты болатыны сөзсіз. Мені адамдардың басын біріктіретін дүние ерекше шабыттандырады. Әртүрлі салада табысты болғаным өзіме жақсы болды. Мақсаттарым сенім бере түседі. Осыған дейінгі атқарған шаруаларым келешек жоспарларымды айқындап береді», дейді режиссер Феликс Гэри Грей басылымдарға берген сұхбатында.

Фильм түсірілімі 2018 жыл­дың 9 шілдесінде Лондонда бас­та­лып, Мароккода, Италияда және Нью-Йоркте жалғасты. Эмма Томпсон бұл жолы да агент О рөлін қайта сомдап шық­қан. Ал көрнекі эффектілерді жа­сау­ға Rodeo FX, Sony Pictures Imageworks және Method сынды беделді студиялар атсалысты.