Президент • 13 Маусым, 2019

Айдос Сарым: Қоғамдық келісім қожырамауы керек

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Айдос Сарым: Қоғамдық келісім қожырамауы керек

Ел өміріндегі тағы да бір тарихи сәттің куәсі болдық. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсі­мінде алға тартқан негізгі мәсе­лелерінің ішінде азамат­тар­дың құқығын алдыңғы орынға қою, халықтың әл-ауқатын жақсарту, қоғам дамуын тұрақты ету жайы көңілімізге қонды. Бұл мәселені жүйелі түрде реттеу үшін қоғам мен билік арасындағы диалогты жолға қою маңызды.

Президент алға тартқандай, әуелі қоғамға сенім мен келісім керек. Сенім мен келісімді қам­та­­масыз етудің арғы жағын­да саяси диалог құрып, бүкіл қо­ғам­ның, азаматтардың заңды құ­қық­тарын біріктіретін, топтас­ты­ра­тын сол арқылы барша ұйым­дармен, мейлі ол тіркел­сін, тір­­кел­месін, есептесіп санасу қа­­­жет­­тігі тұр. Сол топтармен үл­­кен мәмілеге келіп, Қазақ­стан­да жаңа заманға, жаңа дәуір­­ге қа­тыс­ты саяси бәсе­ке­лес­­тік пен белсенділіктің ойын шарт­та­рын өзгертуге тың сер­пін бе­ріп, сая­си заңнамаға қатыс­ты, бү­кіл қажетті деген саяси заң­дар­­ды қарап шығу қажет сияқ­ты. Яғ­­ни, қоғамдық келісім, қо­ғам ішін­дегі өзара сенім деген мә­­­се­лелерді реттеу үшін бізге жа­­­ңа си­паттағы саяси алаң, жаңа си­пат­тағы саяси ойыншылар қажет.

Саяси партиялар, қоғамдық ұйым­дар, сайлау туралы заң­дар­ды қайта қарап, оларды әлемдік, еуро­­палық стандарт­тарға жа­қын­­­дату маңызды. Әлеммен бір­­ге дөңгелеу үшін осы басым ба­ғыт­тар­ды басты назарда ұста­ған абзал. Сол ар­қылы саяси бел­сен­ді­л­ік­ті жаңа биікке көтере аламыз. 

Айдос САРЫМ,

саясаттанушы