Аймақтар • 13 Маусым, 2019

Минскіде Еуропа ойындары басталады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-30 маусым аралығында Беларусь елінің астанасы – Минскіде ІІ Еуропа ойындары өтеді. Осы бәсекелер барысында 50 мемлекеттен келген 4 мыңнан аса өрен 15 спорт түрі бойынша 199 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Минскіде Еуропа ойындары басталады

Айтулы жарыстың тұсауы осыдан төрт жыл бұрын Әзірбайжанның бас шаһары – Бакуде кесілді. Қарт құрлықта тұңғыш рет ұйымдастырылған кешенді доданың жалпы командалық есебінде 164 жүлде (79 алтын+40 күміс+45 қола) олжалаған Ресей құрамасы көш бастады. Екінші және үшінші орындарды Әзірбайжан (21+15+20) мен Ұлыбритания (18+10+19) иеленді. Сондай-ақ, үздік бестіктің қатарына Германия (16+17+33) мен Франция (12+13+18) қосылды. Естеріңізге сала кетейік, Каспий жағалауында өткен жарыста 50 елден келген 5730 өрен 30 спорт түрі бойынша 253 жүлде жиынтығы үшін сайысқа түскен еді.


Ал ІІ Еуропа ойындарында бәсекелер акробатика, аэробика, бадминтон, баскетбол (3х3), батутпен секіру, бокс, велоспорт (шоссе, трек), грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес, ескек есу, жағажай футболы, жеңіл атлетика, каратэ, көркем гимнастика, нысана көздеу, садақ ату, самбо, спорттық гимнастика, стенд ату және үстел теннисінен өтеді.