
Үлкен үміт үстіндеміз
Бұл – ерекше тарихи күн. Қазақстан тарихындағы екінші Президент сайланып, ұлықтау рәсімі өтті. Әрбір Президент сайлауына, сайланған Президентке халықтың үлкен үмітпен қарайтыны – заңдылық. Жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөзінде еліміздің әрі қарайғы дамуының он бағытын белгілеп, нақты жоспарларымен бөлісті.
Біз көрнекті дипломат, мемлекетшіл қайраткер ретінде танылған Қ.Тоқаевқа сенім білдіріп, Президентіміздің бастамаларын қолдауға әр кез дайынбыз. Барлығымыз да Қазақстанның болашағы жарқын болып, әлемдік аренадағы беделінің өсе түсуіне мүдделіміз. Енді жаңадан сайланған Президентіміз алдағы уақытта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын, бағытын жалғастыра отырып, еліміздің гүлденуіне, халықтың әл-ауқатының артуы үшін бар тәжірибесін, күш-жігерін аямайды деп сенеміз.
Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ,
мемлекет және қоғам қайраткері
Елдік мәселені екшеді
Жаңа Президентіміз халық алдында Ата Заңымызға қолын қойып, ант берді. Сайланған Президент ретінде қызметіне кірісті. Мемлекет басшысы салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде экономикалық өсімнің елдегі бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешетінін айтты. Меніңше, бұл – дұрыс бастама. «Азаматтарымыз өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелеп, халқымыздың жетістіктеріне бірге қуанып, мақтан тұту үшін экономикалық өсім болуы тиіс» деді ол баяндамасында. Бұл бағытта лайықты нәтижеге қол жеткізу үшін кәсіпкерлікті дамыту керек.
Екіншіден, қоғамның бір мүшесі, осы елдің азаматы ретінде маған ұнағаны – қоғаммен диалог құруды қалайтыны. Бұл өркениетке бет алған біз секілді демократиялық мемлекеттің дамуына жол ашады. Сондықтан оның Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы шешімі – халықпен етене болуға жәрдемдесетін жол. Президент қоғамдық ой-пікірді, халықтың қай жолмен дамуды қалайтынын білгісі келеді.
Ал қоршаған ортаны қорғау саласында еңбек етіп жүрген мен үшін Мемлекет басшысының экология туралы ойы ерекше болды. Өйткені көп адам экология мәселесін екінші, тіпті үшінші қатарға қойып жатады. Бірақ бұл – аса маңызды мәселе. Себебі экология – ұлттың денсаулығы. Біз өзімізді қоршаған ортада өмір сүреміз. Президент айтқандай, қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл халі – көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан осы түйткілдің түйінін тарқатуда жүйелі жұмыстар атқарылуы тиіс.
Айгүл СОЛОВЬЕВА,
Қазақстан экологиялық ұйымдар қауымдастығының
басқарма төрайымы
Берері мол беделді тұлға
Міне, тарихи оқиғаға куә болдық. Қазақстанның тәуелсіз тарихында екінші Президент сайланды. Елбасы орнын өзінен кейінгілерге беріп, көрегендік танытты. Бұл да қазақтай парасатты халықтың қолынан келетін іс. Қасым-Жомарт Кемелұлы – біртуар азамат. Еңбек жолын елге қызмет етуге арнап, Қазақстанның өзге елдермен тең дәрежеде болып, халықаралық беделін арттыруға жұмыс істеді. Мен Қ.Тоқаевтың штабында болдым, өңірлерге барып, үгіт-насихат жүргіздік. Елімізде осындай әлемдік деңгейде беделді тұлғаның барына қуандым.
Президент ұлықтау рәсіміндегі баяндамасында алдағы жұмыс-жоспарымен бөлісті. Соның ішінде маған халықтың табысын арттыруды қолға алатынын айтқан бірінші бағыты ерекше ұнады. Таяу арада Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған нақты міндеттерді айқындайтынын атап өтті. Елдің табысы, күнкөрісі жақсы болса, жемқорлық та жойылады. Ең маңыздысы – Президент айтқандай, орта тап қалыптасады.
Қазақта «Баласы атқа қонса, шешесі тақымын қысады», деген сөз бар, атқа қонған ұлын бәріміз халық болып қолдап, көтеруіміз керек. Сонда ғана нәтиже болады. Шетелдің бәрі бізге сын көзін салып отыр. Сол үшін біз секілді алдыңғы толқын ағалар өзінен кейінгілерге үлгі болып, жастар аманатқа лайық болатындай тәрбиелеуіміз қажет.
Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ,
Олимпиада чемпионы
Өмір сапасы өзгереді
Кезектен тыс Президент сайлауының қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Біз еліміздің алдағы даму бағдарын айқындайтын жаңа президентті таңдадық. Яғни, Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердік.
Қазақстандықтардың таңдауы, әр даусы өте маңызды. Ел азаматтары бұл сайлауда белсенділік танытып, мемлекеттің әлеуетін арттыру үшін, гүлденіп, болашағының жарқын болуы үшін қызмет ететін кандидатқа қолдау көрсетті. Біздің бүгінгі таңдауымыз ел ертеңіне зор әсерін тигізеді.
Енді бізді алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Қазақстандықтардың артқан зор сенімін, күткен үмітін ақтау керек. Қасым-Жомарт Тоқаев осы үдеден шығып, Елбасының стратегиялық жолының бұдан әрі де жалғаса беретініне кепіл болады. Сондай-ақ Президент ел азаматтарының әл-ауқатын арттырып, өмір сүру сапасын жақсарту үшін бар күш-жігерін салады деп сенеміз.
Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы
Бағалы бастама
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі ерекше өтті. Әдетте ұлықтау рәсімі сайлау қорытындысы шыққаннан кейін араға біраз күн салып барып болатын еді. Осы жолы ертерек өткенін жаңа Президенттің алдағы жұмыс жоспарын нақтылап, жеделдетіп бастауға ұмтылғаны деп ойлаймын. Бұл ретте Мемлекет басшысы ұсынған бастамаларына баса мән бергеніміз абзал. Қазірдің өзінде халық арасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың он идеясы деп тарап жатқан бағыт-бағдарлар бар. Соның ішінде қоғам белсенділерінің көңілінен шыққан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы бастамасын айтар едім.
Кезектен тыс Президент сайлауының нәтижелеріне тағы бір көз жүгіртсек, әрбір кандидаттың жинаған пайыздық дауыстарының артында халықтың үні, әртүрлі сипаттағы мәселелері тұр. Енді осындай талап-тілектер бойынша ел азаматтарымен диалог құру, коммуникация орнату жаңа айтқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл кеңес Мемлекет басшысының Жарлығымен бір айдың ішінде жұмысын бастайды. Қасым-Жомарт Тоқаевты халықаралық дәрежеде қызмет еткен тәжірибелі дипломат ретінде халық пен билік арасында көпір болатын кеңесті қалыптастырады деп сенемін.
Мұхтар МАНКЕЕВ,
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы
Ұлы мұраттарға ұмтылыс
Қазақстан елеулі өзгерістердің алдында тұр. Міне, жаңадан сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел алдында ант қабылдап, міндетін атқаруға кірісті. Салтанатты ұлықтау рәсімінде өзінің алдағы істейтін жұмыстарының жоспарын баяндады. Сол сөзіне мұқият тыңдадым, өйткені оның сенім артқан адамынан игі іс, нық қадам күткен халық үшін маңызы зор. Жұмыс-жоспарына зер салып, өнер адамы ретінде өз кәсібіме керек қандай дүние бар екеніне баса көңіл аудардым. Президент болашақтағы жоспарында руханият саласын да назардан тыс қалдырмаған. Ол өз сөзінде «Рухани жаңғыру» құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз болып қала беретінін, тарихқа құрметпен қарау, Отанға адал болу, ғылым-білімге ұмтылыс секілді халқымыздың бойындағы асыл қасиеттерге ерекше тоқталды. Шынында да, осы аталған қасиеттер елімізді дамуға бастайды.
Мен – ұстаздық жолындағы адаммын. Сондықтан Мемлекет басшысының айтқан сөзіндегі ең маңыздысы мен үшін «Ұстаз мәртебесі» туралы мәлімдеуі болды. Ол: «Біз мұғалімдердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылдаймыз. Олардың құқығын қорғап, материалдық жағдайын жақсарту үшін тиісті жағдай жасаймыз», деді. Осы сөзге мұғалімдердің жалақысы, қоғам алдындағы беделі, оларға берілетін баспана, міндетіне жатпайтын жұмыстарға жегіп тастау мәселесі кіреді деп сенемін.
Ұлықтау рәсімінде болдым, егер Президент алдына қойған мақсаттарға жетіп, жоғарыдағы жұмыс-жоспары лайықты іске асса, еліміз өркендейді.
Жанғали ЖҮЗБАЙ,
Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры
Дамудың жаңа даңғылы
Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми түрде кірісуін заңды түрде бекітуге арналған салтанатты ұлықтау рәсімінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабына сәйкес жаңа сайланған Казақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Қазақстан халқының алдында ант берген ерекше тарихи сәттің куәсі болдық.
Өзінің сайлауалды бағдарламасында бейбітшілік пен келісімді, ортақ игілік, Қазақстанның өркендеуі мен гүлденуі жолында аянбай еңбек етуді өзінің басты мақсаты етіп алған Қ.Тоқаевтың сайлаудағы жеңісі заңды құбылыс деуге болады. Қоғамымызда тұрақтылықты, бірлікті, экономикалық өркендеуді алдағы қызметіне темірқазық етіп алған Елбасымыздың басты он бағыт бойынша белгілеген бағдарлары қуатты, гүлденген Қазақстанды қалыптастырады, еліміздің өркендеуіне, халқымыздың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, Конституциямызбен бекітілген мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – азаматтарымыздың заңды құқылары мен мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдары, лауазымды тұлғалар тарапынан әділетті қорғауға жол ашады деп есептеймін.
«Еліміздің әр адамының мүддесін қорғау – менің басты мақсатым», деп өз ант беру рәсімінде атап көрсетуінің өзі нағыз халықтық демократияның, қарапайымдылықтың және өз халқына жақындықтың үлгісі дер едім.
Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтып, елімізді дамудың жаңа өркениетті сатысына көтеретін Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне жаңа кіріскен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтай ірі мемлекет қайраткеріне Алламыз мықты денсаулық, жасымас жігер, қажырлы қайрат беріп, еліміздің нұрлы, берекелі, бейбіт болашағы үшін жасайтын әрбір ісі сәттілікке толы болсын демекпін!
Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,
Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер одақтарының
мүшесі, белгілі заңгер
Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғыс айтты
Руханият • Кеше
Батысқазақстандықтар мемлекеттік марапатқа ие болды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысындағы ауылда дәрігерлік амбулатория ашылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында ауыл тұрғынынан марихуана тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Замануи оқу залы Орталық мемлекеттік архивте ашылды
Аймақтар • Кеше
Алматы жастарына қала әкімі пәтер кілттерін табыс етті
Аймақтар • Кеше
Ғалымдар: Адам қыста аз жұмыс істеуі керек
Қоғам • Кеше
Неймар «Барселонаны» тағы да сотқа берді
Футбол • Кеше
Қызылжар полицейлері Тәуелсіздік күнін өнерлерімен қарсы алды
Аймақтар • Кеше
Атырау облысы Тәуелсіздік күнін атап өтті
Аймақтар • Кеше
Алматы қаласында бірінші Томосинтез орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда желтоқсаншы қыздардың құрметіне шығармашылық кеш өтті
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда «Жыл адамы - 2019» анықталды
Аймақтар • Кеше
Алматының барлық ауданында Тәуелсіздік мерекесі тойланды
Аймақтар • Кеше
Университетте жемқорлыққа қарсы семинар өтті
Қоғам • Кеше
Ақтауда тұрғын үй пайдалануға берілді
Аймақтар • Кеше
«Алматы-2050» даму стратегиясы ресми түрде қабылданды
Аймақтар • Кеше
Алматылықтарға мемлекеттік марапат тапсырылды
Аймақтар • Кеше
Елбасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2019
Президент Сұлтан Сартаевтың отбасына көңіл айтты
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы «Парыз», «Алтын сапа» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2019
Асқар Мамин мемлекеттік және партия марапаттарын табыстады
Үкімет • 13 Желтоқсан, 2019
Тарихи-мәдени мұраны сақтау – ұлттың сәйкестендіру коды
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Орал: Қазақстанның Батыс қақпасы» атты көрме ашылды
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Президент пен Елбасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концертке барды
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Алматыда «Желтоқсан оқиғасына» ұлт-азаттық көтерілісі мәртебесін беру мәселесі көтерілді
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы балалар дәрігерлері марапатталды
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Алматыдағыдай «Тәуелсіздік монументі» әр қалада бола ма?
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Атырауда халық жазушысы Хамит Ерғалиевке ескерткіш орнатылды
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Алматыда «Тәуелсіздік: тарих тағылымы» атты ғылыми-тәжірибелік жиын өтті
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздік жемісі: Ордабасы ауданында 31 мектеп, 42 балабақша салынған
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Архив ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Ұлы дала түркі халықтарының ортақ мекені» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Шымкентте Т.Рысқұловтың 125 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Ұстаз мәртебесі - ұлт мерейі» байқауы өз мәресіне жетті
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Атырау облысында «496 разъезд» стансасының 150 тұрғыны жаңа баспанаға ие болды
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Банк секторы активтерінің сапасын бағалау (Asset Quality Review) аяқталуға жақын
Қаржы • 13 Желтоқсан, 2019
Түркістанда тұрғын үйлерге табиғи газ берілді
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Алматы облысында 89 мың кәсіпкер салық рақымшылығын алды
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Қазақ этнографиялық мектебі тақырыбында І халықаралық конференциясы өтті
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Футбол: Еуропа лигасының плей-офф додасына шыққандар анықталды
Футбол • 13 Желтоқсан, 2019
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Алматыда Серке Қожамқұлов туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздік күніне орай күй тартылып, жыр маржаны төгілді
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Конфедерация кубогында Алматы қаласы алдына жан салмады
Спорт • 13 Желтоқсан, 2019
Егемендіктерге мемлекеттік наградалар тапсырылды
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Алматының каратэшілері қарсылас шыдатпады
Спорт • 13 Желтоқсан, 2019
Басылым басшылары - Халел ЕСЕНБАЕВ (07.1919 - 02.1920)
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» 50 жылдан соң қайта сахналанды
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Egemen Qazaqstan» ұжымы марапатталды
100 • 13 Желтоқсан, 2019
FlyArystan Нұр-Сұлтан-Мәскеу рейстеріне билет сатуды бастады
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны қабылдады
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Дональд Трамп Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Бір топ журналист Елбасының Алғыс хатымен марапатталды
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Ұқсас жаңалықтар