Аймақтар • 13 Маусым, 2019

Денсаулық сақтау жүйесі нормативке сәйкестендірілді

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында денсаулық сақтау жүйесінің желісі нормативке сәйкестендірілді.

Денсаулық сақтау жүйесі нормативке сәйкестендірілді

Екі жылда 25 медициналық нысан қолданысқа берілді. Соңғы бес жылда елді-мекендердегі бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың 63% жаңартылды. Ағымдағы жылы Арал, Қазалы аудандық орталық ауруханалары, 3 дәрігерлік амбулатория (Ақжарма, Бекбауыл, Өркендеу) қолданысқа берілді. Ал, Шиелі ауданында орталық ауруханасының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Денсаулық сақтау саласында облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық техникамен жабдықтауға соңғы бес жыл ішінде 8 047,4 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдық сатып алынып, нәтижесінде медициналық ұйымдардың материалдық техникалық жабдықтармен жарақтандыру көрсеткіші 34,9% өсті.

Қызылорда облысы