Сайлау • 14 Маусым, 2019

Сайлау заңнамасына сай өтті

1256 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында «Сайлау-2019: Азамат және сайлау құқығы» атты дөңгелек үстел жиыны өтіп, онда кезектен тыс Президент сайлауының нәтижесі, сайлау туралы заңнаманы қолдану және оны жетілдіру мәселелері талқыланды.

Сайлау заңнамасына сай өтті

Еліміздегі ең ірі саяси нау­қан­ның заң талаптарына қан­­ша­лықты сай өткендігі жайында пікір алмасқан жиынды ұйым­­дастыруға «Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғам­дық бірлестігі мұрын­дық болды. Отырысқа танымал заң­герлер, заң ғылымдарының док­то­р­лары мен кандидаттары, елі­міздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының профессорлары, сондай-ақ мемлекеттік орган­дардың, үкі­меттік емес ұйым­дардың және елшіліктердің өкілдері қатысты.

Алқалы жиында сөз тізгінін заң ғылым­дарының кандидаты, Қазақстан Заңгерлер одағының және «Заңгерлер әділ сайлау үшін» РҚБ төрағасы Серік Ақылбай ұстады. Ол еліміздің барлық 17 өңірінде 3 мыңға жуық заңгер сайлау учаскелеріндегі жағдайға мониторинг жүргізгенін айтып, аймақтардағы өкілдердің алдын ала бағалауы бойынша Президент сайлауы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес өткенін мәлімдеді.

– Біздің ұйым әр сайлауға қатысып келеді. Ұйымның бас­ты міндеті – сайлау комис­сия­сының қызметін бағалау емес, кеңес беріп, көмектесу. Біз сай­­лаушыларға өз құқықтарын ег­жей-тегжейлі түсіндіруге баса мән береміз. Егер әр сайлаушы өз құ­қын біліп тұрса, онда сайлау ашық, әділ әрі таза өтеді. Сондықтан біз сай­лау­­шылар­дан келіп түскен сұрақ­тарға толық­қанды жауап беру үшін бес рет баспасөз жиы­нын өткіз­дік. Сұрақтар көбі­не ин­тернет арқылы қа­был­­­данды. Жалпы, бұрынғы сай­лау­­ларға қарағанда бұл жолы сайлау­шылардың белсенділігі артып, өз құқықтарын әжептәуір біліп қалды, – деді Серік Ақылбай.

Басқосуда қоғамдық бірлес­тіктің заңгер­лері сайлау, сайлау процесі және заңнама мә­селелері бойынша баянда­ма­лар жасады. Олардың ішінде заң ғылым­дарының док­торы, профессор Марат Сәр­сем­­баев Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынты­мақтастық ұйы­­мына қарасты Демо­кра­тия­л­ық институттар және адам құқық­тары жөніндегі бюро­сының Президент сайлауы туралы мәлімдемесіне заң тұрғысынан баға берді. Ал заң ғылымдарының докторы, профессор Сергей Ударцев сайлау құқығының дамуына әсер ете­тін факторлар жөнінде сөз қоз­ға­ды. Сонымен қатар М.Нәрік­баев атындағы ҚазГЗУ-дың қылмыстық сот төрелігі және ғылыми-құқықтық сараптама мәселелері бойынша ғылыми жобалардың жетекшісі Марат Қоғамов «Сайлау заңна­ма­сы: тиімділік мәселелері, теория және практика» атты тақырыпта баян­дама жасады. Бұған қоса Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситеті заң факуль­теті деканы Сәуле Аман­дықова ел азаматтарының дауыс беру құқығын толық қолдануы пат­рио­тизмнің бір көрінісі деген пікірін білдірді.

Келелі кеңеске қатысушы заңгерлер іс-шараны қорытын­­дылап, көтерілген мәсе­лелер­ді ескеріп, алдағы уақыт­та сай­лау заңнамасын әрі қарай же­тілдіру жө­нінде ұсыныс­тарын жеткізді.