Әлем • 15 Маусым, 2019

Қ. Тоқаев АӨСШК аясында арнайы қор құруды ұсынды

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев Душанбеде өтіп жатқан АӨСШК-нің бесінші саммитінде айтты.

Қ. Тоқаев АӨСШК аясында арнайы қор құруды ұсынды

"Әрбір қатысушының мүдделерін ескере отырып, Кеңестің барлық негізгі бағыттары бойынша мүше мемлекеттердің практикалық өзара іс-қимылын кеңейтудің өзектілігі туды. Біз форумның жобаларын, бағдарламаларын және өзге де қызметін қаржыландыру үшін арнайы қор құруды ұсынамыз", деді Қ. Тоқаев.

Айта кетейік, бұл ауқымды шараға оннан астам  елдің Президенті мен Үкімет басшылары қатысуда. АӨСШК құрамында 27 мүше-мемлекет: Ауғанстан, Әзербайжан, Бангладеш, Бахрейн, БАӘ, Вьетнам, Израиль, Иордания, Ирак, Иран, Қазақстан, Камбоджа, Катар, Қырғызстан, Қытай, Мысыр, Моңғолия, Палестина, Пәкістан, Корея Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Үндістан, Шри-Ланка бар. Сондай-ақ АӨСШК-ні шақыру туралы идея бірқатар мемлекеттерден және БҰҰ, ЕҚЫҰ, АМЛ (Араб мемлекеттері лигасы), ТүркПА, Халықаралық көші-қон ұйымы сияқты халықаралық ұйымдардан қолдау тапты. 

Бүгінде Азия мемлекеттерінің басын біріктіріп отырған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін құру туралы бастаманы Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария еткен болатын. Бастаманың негізгі мақсаты  - өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тиімді және қолайлы құрылым құруға ұмтылу.