17 Маусым, 2019

Еліміздің бірқатар өңірінде дауыл тұруы мүмкін

1076 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдымыздағы 18 маусым күні еліміздің бірқатар өңірінде дауыл, найзағай, бұршақ күтілуде деп хабарлайды «Қазгидромет».

Еліміздің бірқатар өңірінде дауыл тұруы мүмкін

18 маусымда Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында да  сол күні найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан  жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Сондай-ақ, бұршақ жаууы мүмкін.

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады:

- мұқият болыңыз, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз; 

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

 Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!