Спорт • 17 Маусым, 2019

Дзюдодан қазақстандық төрешілер «Continental» сертификатын алды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-17 маусым күндері Таиландта дзюдодан төрешілерге арналған халықаралық «IJF Continental» емтихан семинары өтті.

Дзюдодан қазақстандық төрешілер «Continental» сертификатын алды

Халықаралық семинарға  Мюнхенде өткен (1972 жыл) Олимпиада ойындарының чемпионы, Азия дзюдо одағының рефери директоры  Кавагучи Такао мен Халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен мамандар қатысты. Семинарға қатысқан төрешілер Бангкок университетінде өткен Тайландтың халықаралық чемпионатында төрешілік етіп, емтихан тапсырды. Нәтижесінде, Қазақстандық ұлттық санаттағы төрешілер Алтынбек Булатов пен Жомарт Қобланов емтиханды сәтті тапсырып, «Continental» санатындағы төрешілер қатарына қосылып, арнайы сертификатпен марапатталды.

«Continental» санатындағы төрешілер республикалық жарыстардан бөлек, халықаралық жарыстарда төрелік етеді. Сонымен қатар, халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен Азия кубогтары мен Еуропа кубогтарында төрелік етуге мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, аталмыш семинарға әлемнің 70-тен аса дзюдо төрешілері қатысты. Қазіргі таңда Қазақстанда «Continental» санатындағы 30-ға жуық төреші бар.